- Негізгі бет
- Психология
- Оптимист адамдар неліктен...
Оптимист адамдар неліктен ұзақ жасайды?
АҚШ-та жасалған зерттеу нәтижесінде пессимисттерге қарағанда оптимисттердің ұзағырақ өмір сүретіні анықталды. Зерттеу деректері 1976 жылдан бастау алатын және 71173 адамның өміріне оптимизм мен пессимизмнің әсерін зерттеген ғалымдар – оптимисттердің 85 жастан артық өмір сүру ықтималы жоғары екенін айтады. Мұны – отимисттердің жақсы ойлауы, сезімдерін оңай реттей алуы және стрестің кері әсерлерінен қорғана алатындығымен байланыстырады. Зерттеуде адамдардың жалпы денсаулығымен қатар өмірге деген көзқарасы, оптимистік не пессимистік деңгейі қарастырылды. Дене жаттығуы, қоректену дағдылары және темекі, спиртті ішімдік қолданулары да есепке алынды. Оптимистік, яғни жақсы ойлау деңгейі төмендер мен жақсы ойлау деңгейі жоғары ерлер мен әйелдерді салыстыра келе, оптимистік көзқарасы жоғарылардың 10-15 пайызға ұзағырақ өмір сүретіндігі және 85 жастан асу ықтималдығы жоғары болатындығы байқалған.
Зерттеу жүргізген Бостон университеті Медицина факультеті психология саласының доценті Левина Ли (Lewina Lee): "Ашқан жаңалығымыз позитивті ойлау деңгейін арттыру адамның ұзақ жасау және салауатты өмір сүруіне ықпал ететіндігін көрсетуде" деп мәлімдеді. Сондай-ақ барлық нәрсенің, іс, тұрмыс-тіршіліктің дұрыс жүріп жатқандығын ойлау және танымдық-амалдық терапия секілді сыртқы әсерлер арқылы оптимистік көзқарасты артыруға болатынын айтқан доцент Ли: "Зерттеулер оптимист адамдардың алдына қойған мақсатына жете алатындығына сенімі мол болатындығын, келеңсіздіктерді шешуде өте пәрменді болатындығын, ал стресті жағдайларда сезімдерін оңай реттей алатындығын көрсетуде" дейді. Бристоль университетінен Брюс Худ бұл: "Оптимисттердің күйзелісті оңай жеңе алуы және негативті жағдайларды жадында ұстамауының салдары" деп түсіндіреді.
дереккөз:bilim-all.kz/
Т. Есқали