- Негізгі бет
- Психология
- Он жылдан кейін...
Он жылдан кейін неге өкінесіз?
Бізге өмір бір рет қана беріледі. Демек, біздің жасаған кез келген таңдауымыз өте маңызды. Олар өміріміздегі бетпе-бет келетін сәттердің негізі болады. Сондықтан он жылдан қазір алдын алмаған мәселелер сіздің алдыңыздан шығуы мүмкін.
Он жылдан кейін сізді мазалайтын 5 негізгі нәрсе мыналар:
1) Сіздің басқаларлар мүлде айырмашылығыңыз жоқ.
Біз бәріміз жеке адамбыз және өзімізге тиесілі үміттер, армандар, қасиеттер мен ерекшеліктерімізді қабылдау бізді мүмкіндігінше толық өмірге жетелейді. Бірақ егер сіз басқалар сияқты өмір сүруді таңдасаңыз, он жылдан кейін сіз:
— Өз қалауыңыздан өзгелердің қалауын жоғары қойғаныңызға өкінесіз.
— Алдыға шығып өзіңіздің ерекше екеніңізді дәлелдеудің орнына, көптің бірі болып қалғаныңызға өкінесіз.
— Өзіңізге қателесуге және өсуге мүмкіндік берудің орнына ақымақ болып көрінуден қорқып, жаңа нәрселерден аулақ болғаныңызға өкініңіз.
2) Кекішілсіз:
Бәріміздің өмірімізде өзгелерге қатты ренжіген кездер болады. Кейбір адамдарды кешіре алмайтын сәттер де болады. Егер сіз реніштерден бас тартпасаңыз, бұл өмір бойы жаныңызға ауыртпалық болуы мүмкін. Он жылдан кейін сіз:
— Сіз ішіңізді өртеген өшпенділікке қарсы тұрып, оны босатудың орнына, ішіңізде сақтап қалғаныңыз үшін өкінесіз.
— Сіз шешілмей қалған мәселелерге нүкте қодың орнына бәрін кінәлау үшін уақытыңызды текке өткізгеніңізге өкінесіз.
— Жарқын болашақ құру үшін жұмыс істеудің орнына сізді ренжіткен адамдарға өкпелеп әрі оларды кінәлағаныңыз үшін өкінесіз.
3) Денеңізге мән бермейсіз:
Сіздің денеңіз - сіздің ғибадатханаңыз, ал салауатты өмір салтынан бас тарту сізге болашақта физикалық және психикалық зиян келтіреді. Он жылдан кейін сіз:
— Зиянды әрекеттермен денеңіздегі күш-қуатты жоғалытп алғаныңызға өкініңіз.
— Сіз денеңіз спортқа бейім болмауы кесірінен, артық қимылдаған жағдайда денеңіз ауыра бастайтын болады.
4) Өз қаражатыңыздың маңызын елемейсіз:
Жастайыңыздан ақшаны оңды-солды шаша бастасаңыз болашақта қаржылық еркіндігіңізді қамтамасыз етуге көбірек уақыт қажет болады.
— Сіз кәсіп ашудың немесе табыс әкелетін жаңа дағдыларды үйренудің орнына қажет емес нәрсеге уақыт жоғалтқаныңызға өкінесіз.
— Инвестицияны ертерек бастап және одан болашақта пайда алудың орнына ақшаңызды салмағанға өкінесіз.
— Сіз қарызға батып, жинақ жинамағаныңызға өкінесіз.
5) Жаңа нәрсе үйренуді тоқтаттыңыз:
Оқу тек мектеппен не жоғары оқу орнымен шектелмейді. Өмір бұл оқудан тұрады. Жаңа ақпарат пен дағды сіздің жарқын болашағыңыздың себепшісі болуы мүмкін. Егер жаңа нәрсе үйренуден бас тартсаңыз, онда он жылдан кейін сіз:
— Курстармен, әрекеттермен, бейнелермен және кітаптармен құндылық қосудың орнына айналаңыздағы барлық оқу мүмкіндіктерін жіберіп алғаныңызға өкінесіз.
— Сіз өз ойлау көкжиегіңізді кеңейтпегеніңізге, жаңа тіл үйренбегеніңізге өкінесіз.
— Мансап жолын жақсарту үшін өз дағдыларыңыз бен қабілеттеріңізді дамытпағаныңызға өкінесіз.