Оны есептеу үшін айлық табысымызды жұмыс сағатына бөлеміз. Мысалы, 100 000 теңгені стандартты 172 сағатқа бөлеміз. Шамамен 581 теңге шығады. Біз 25 000 теңгемізді киімге жұмсап жатқан кезде өміріміздің 6-10 сағатын қоқысқа тастаймыз. Ойланып көріңізші, сіз күні бойы жұмыс істемей, бар уақытыңызды жақындарыңызға арнауға болатын еді. Ал, өміріңіздің материалдық сапасына еш зияны келмейді.
Сіз жәй ғана ақшаны босқа шашпайсыз. Сүйіктілеріңізді ыстық ықылассыз қалдырасыз. Ал, егер мұны ескеретін болсаңыз, сатып алатын заттың бағасын да білетін едіңіз. Десе де, өміріңіздің ең маңызды деген сәттерін неге арнайтыныңыз өзіңіздің қолыңызда.
Ал Сіз қандай таңдау жасайтын едіңіз?