Өміріңізді пайдалы істерге ғана арнаңыз

Өміріңізді пайдалы істерге ғана арнаңыз

1. Айналаңызға мұқият қараңыз. Жан-жағыңызда болып жатқанның барлығына мән беріңіз. Өзгелерге қарап тәжірибе жинақтауға болады.

2. Басыңызға келген идеяларды жібермеңіз. Қажет болса, қағазға жазып, іске асырып көріңіз. Немесе біраз уақыт өткен соң іске асыруыңызға болады.

3. Сізді қоршаған адамдардан пайдалы сабақ алыңыз. Айналаңыз мысал мен жаңа идеяларға, құнарлы сөздерге, жылы қарым-қатынасқа, қателіктер  мен тәжірибелерге толы.

4. Әрдайым өзіңізбен бірге кітап немесе журнал ала жүріңіз. Осылайша бір жерде кезекте немесе көлік кептелісінде тұрып қалсаңыз уақытыңызды құр босқа жібермейсіз.

5. Күніне аз дегенде 30 минут кітап оқыңыз.

6. Ойланыңыз. Мұны әдетке айналдырыңыз. Бұл миыңызға арналған пайдалы жаттығу.

7. Әр күніңізді ұйқы алдында сараптап отырыңыз. Нені жасап үлгердіңіз? Немесе жасап үлгермедіңіз? Қателік жібермеу үшін не істеуіңіз керек еді?

8. Суды көбірек ішіңіз.


9. Жасаңыз.

10. Ұлы адамдардың ұлы сөздерін көбірек оқыңыз. Ол – ақылдың дария.

11. Бір күнге арналған пайдалы кеңесті таңдап, оны жүзеге асырыңыз.

12. Есеп-қисап жүргізіп отырыңыз. Ақшаңызды не нәрсеге жұмсағаныңызды мұқият жазыңыз. Айдың соңында нәтижесін шығарып, келесі жолы ақшаңызды қажетсіз дүниелерге шығындамайтын боласыз.

13. Бір нәрсені бірінші рет жасап көріңіз. Мысалы, жұмысқа немесе сабаққа жылдам апаратын жолды таубуыңызға болады. Бұл миыңыздың мүмкіншіліктерін арттырады.

14. Интернеттегі мақалалардың тек пайдалысын оқыңыз. Құры оқып ғана қоймай, көзқарасыңызды білдіріңіз.

15. Бір істі орындау үшін таймерді пайдаланыңыз.


16. Компьютерде жылдам жұмыс істеуді үйреніңіз.

17. Мақсаттарыңызды айқындап отырыңыз.

18. Ерте ояныңыз.

19. Ерекше шабыт сыйлайтын бағдарламаларды, қысқа бейнебаяндардың көріңіз.

20. Күні бойы барлығымен достық қарым-қатынаста болыңыз. Бұл көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

21. Күнде Уикипедияның кездейсоқ таңдап алған бір мақаласын оқып отырыңыз.

22. Өмірдің қызығы мен шыжығына кенеле біліңіз. Осы қасиеттің арқасында ғана өмірден ляззат аласыз.

Жоғарыдағы қасиеттердің қаншасын орындап жүрсіз?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: vk.com

Қ. Бүйенбай