Өміріңізді өзгертетін сәттер

Адам баласының өмір туралы көзқарасы қасаң күйінде дәл осы сәттерді басынан өткергенше қалып қояды деп айтуға болады.

Тұрмысыңызда қиыншылық болғандығы себепті, сіз өзіңізді тани түсу орайына ие боласыз; Мұқтаждық және қай жағынан болсын ауыр күндер жан баласын тәрбиелейтін ең жақсы ЖОО; Сізге жәрдемі тиетін нәрсенің бәрінің құны сіздің қол созуыңызға татымайды; Басыңызға күн туған кез – сіздің жеңіске жету арманыңыздан алшақтаған кез емес; Егер сіздің өміріңізде ешқандай да қиыншылық болмаса, онда сіз түк те білмейтін топастың ары жақ, бері жағындасыз;
Гүл тек бір рет, есіңізде болсын бір рет гүл ашады. Гүл тек жер-әлем шешек атқан көктемде ғана өз құнын табады; Тірліктің сапарында қайтуға билет жоқ, тек бір рет жолға шығасыз; Біз өмірді түсініп жеткенше жарты жолды басып боламыз; Уақытты өнімді пайдаланатын адам өмірден өз еншісін ойып алады; Бүгін орындауға тиісті жұмысты ертеңге қалдырмаңыз, ертеңнің өзіне тиеселі еншісі бар; Егер күндердің бірінде өзіңіздің ең қадірлі, қымбат дүниеіңізден айырылып қалсаңыз, қасірет пен қайғы ішінде өз-өзіңізді жоғалтып алмаңыз. Өйткені, сіздің қолыңыз өзіңізге ең қымбат дүниелерге жетті, әрі бұл дүниеде мәңгілік ештеңенің жоқ екенін біліңіз. Егер бір жұмысты бастауға сеніміңіз болса, оны бастаңыз, әрі орта жолда қалдырып қоймаңыз. Өйткені, кішкентай болса да жеңіс шаттығы сізге үлкен шабыт береді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: matrony.ru