- Негізгі бет
- Психология
- Өміріңізді өзгертетін сәттер...
Өміріңізді өзгертетін сәттер
Адам баласының өмір туралы көзқарасы қасаң күйінде дәл осы сәттерді басынан өткергенше қалып қояды деп айтуға болады.
- Тұрмысыңызда қиыншылық болғандығы себепті, сіз өзіңізді тани түсу орайына ие боласыз;
- Мұқтаждық және қай жағынан болсын ауыр күндер жан баласын тәрбиелейтін ең жақсы ЖОО;
- Сізге жәрдемі тиетін нәрсенің бәрінің құны сіздің қол созуыңызға татымайды;
- Басыңызға күн туған кез – сіздің жеңіске жету арманыңыздан алшақтаған кез емес;
- Егер сіздің өміріңізде ешқандай да қиыншылық болмаса, онда сіз түк те білмейтін топастың ары жақ, бері жағындасыз;
- Гүл тек бір рет, есіңізде болсын бір рет гүл ашады. Гүл тек жер-әлем шешек атқан көктемде ғана өз құнын табады;
- Тірліктің сапарында қайтуға билет жоқ, тек бір рет жолға шығасыз;
- Біз өмірді түсініп жеткенше жарты жолды басып боламыз;
- Уақытты өнімді пайдаланатын адам өмірден өз еншісін ойып алады;
- Бүгін орындауға тиісті жұмысты ертеңге қалдырмаңыз, ертеңнің өзіне тиеселі еншісі бар;
- Егер күндердің бірінде өзіңіздің ең қадірлі, қымбат дүниеіңізден айырылып қалсаңыз, қасірет пен қайғы ішінде өз-өзіңізді жоғалтып алмаңыз. Өйткені, сіздің қолыңыз өзіңізге ең қымбат дүниелерге жетті, әрі бұл дүниеде мәңгілік ештеңенің жоқ екенін біліңіз.
- Егер бір жұмысты бастауға сеніміңіз болса, оны бастаңыз, әрі орта жолда қалдырып қоймаңыз. Өйткені, кішкентай болса да жеңіс шаттығы сізге үлкен шабыт береді.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: matrony.ru