Өміріңізді жеңілдететін уақыт келді

Өміріңізді жеңілдететін уақыт келді
Фото: Brooke Cagle, Unsplash.com

Күнде көптеген шешімдер қабылдап, көп шаруа орындасаңыз, өмір қиын көрінуі мүмкін. Бірақ мұндай сезімнің пайда болуына әркез сыртқы әсерлер кінәлі емес. Жиі адамдар дұрыс емес әдеттерді ұстанып, өмірлерін өздері қиындатып жібереді. Өмір сүру салтыңызды өзгертіп, оны қалай жеңілдетуге болатынын оқыңыз.

Өз-өзіңізбен қалуға уақыт жоқ

Арасында жағыз қалу кез келген адамға пайдалы. Ол босаңсуға немесе ештеңеге алаңдамай дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Егер өз-өзіңізбен қалуға күніне 5 минут та уақыт болмаса, кестеңізді өзгертіп, өміріңізді жеңілдетуге тырысу керексіз. Әйтпесе, ол созылмалы шаршаңқылыққа және эмоциялық сарқылуға әкелуі мүмкін.


Kelly Sikkema

Үнемі бірден бірнеше мәселені шешіп жүресіз

Кей адамдар бір уақытта бірнеше істі жасап жүрсе, табысқа жылдам жетемін деп ойлайды. Бірақ біздің миымыз орындау жылдамдығы мен сапалылығын жоғалтпай, бір уақытта бірнеше нәрсені істеуге бейімделмеген. Оған қоса, көп мәселелік кезекпен орындаған істерге қарағанда көбірек күйзеліске әкеледі. Сондықтан тапсырмаларды кезекпен-кезек орындауға тырысыңыз. Ол үшін міндеттер тізімін жасаңыз, күнделік ұстаңыз, тайм-менеджмент курстарын өтіңіз.

Үйіңіз шашылып жатады

Үйде зат көп болған сайын оларға күтім жасау қиын. Үйде артық заттар көп болса, тәртіпсіздік орын алады. Бұл өміріңізді жеңілдету керегін білдіреді. Үйдегі заттарды реттеп, керек емес заттардан арылыңыз.

Ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын білмейсіз

Адамдар қаржылық шығындарын бақыламай, өз өмірлерін қиындатып алады. Егер жалақыңыздың көп мөлшері қайда кетіп жатқанын және келесі жалақыға дейін неліктен аз ақша қалатынын түсінбесеңіз, қаржыны ретке келтіру жайлы ойлану керек. Бюджетті жоспарласаңыз, өміріңіз жеңілдей түседі. Дүкенге барып, қандай да бір зат аларда оның шынымен де керек пе екенін жақсылап ойланыңыз.

Үнемі асығып жүресіз

Уақыт жетпейтін шаруалар көп — адамдардың үнемі асығып жүруінің негізгі себебі осы. Бұл да өмірдің қиындап кеткенін көрсететін белгі. Адам басымдықтарды дұрыс емес қойса, жиі уақыт жетпейтін болады. Адамдар бірден бәрін орындағысы келеді, сондықтан ештеңеге үлгермейді. Оның орнына үш топқа бөлінген істер тізімін сақтауға тырысыңыз: шұғыл, екінші кезектегі және уақыт қалса істеуге болатын нәрселер.


Dan Burton 

Үнемі жолда тамақтанасыз

Шаруаның көптігінен дұрыстап отырып, асықпай тамақ ішуге уақыт болмай қалады. Сондықтан түскі асты монитордан көз алмай ішесіз және кездесуге бара жатып, жолда бірдеңе жей саласыз. Бірақ мұндай әдет өміріңізді қиындатып қана қоймай, денсаулығыңызға да зиян келтіреді.

Басқалардың мүддесін өзіңіздікінен жоғары қоясыз

«Жоқ» деп айта алмайтын адамдар бар. Әрине, айналаңыздағыларға көмектесу — жақсы әрі қайырымды іс. Бірақ оның өзіңізге зияны келетін болса, өз өміріңізді қиындатып аласыз. Сондықтан бірінші орынға өзіңізді қойып үйреніңіз. Орындай алмайтын, үлгермейтін өтініштерге «жоқ» деп айтып үйреніңіз.

Технологияларды өте көп қолдану

Жолдан өтіп бара жатса да, смартфонынан көз алмайтын адамдар бар. Олар үнемі байланыста: қоңыраулар мен хаттарға жауап береді, видеолар қарайды, желідегі жаңалықтарды жібермейді. Түнімен ұйықтамай, сериалдар қараумен немесе компьютердік ойындар ойнаумен көп уақытын жоғалтатын адамдар да бар. Бірақ бұлай үздіксіз техниканы қолдану өміріңізді қиындатады. Ол демалуға мүмкіндік бермейді. Смартфонға тәуелділігіңіз қаншалықты аз болса, күніңізді соншалықты жақсы жоспарлап, бәріне үлгере аласыз.

А. Жапатова