Өмірдің тек бір саласына ғана көңіл бөлсеңіз, құрдымға кетесіз. Қазіргі кезде жер-жерде адамға серпін беретін дәйексөз ілініп жатыр, әлеуметтік роликтер түсіріліп, желілерде адамға қанат бітіріп, рухын көтеретін жанды сөздер жарияланып жүр. Адамның өмірлік үндестігін қалпына келтіру үшін бұдан басқа тағы не керек?
1. Айналадағылардың сөзіне құлақ асыңыз
Қоршаған ортаңыздағы адамдар сіз білетін дүниелерден хабарсыз болса да, олардың пікірін тыңдағаныңыз жөн. Сіз туралы, қызығушылығыңыз, мансап жолыңыз, жұмысыңыз жөнінде жақындарыңыз не ойлайтынын біліп жүргеніңіз артық етпейді. Егер сын айтып жатса, төзімділікпен қараңыз. Содан соң, өзіңізге сырттай баға беріңіз. «Неге мен туралы солай ойлайды екен» деп емес, «шынымен солай ма, мұны қалай түзесем болады?» деп ойланып көріңіз.
2. Мақсатыңыз бен тәуекелге бел буыңыздың маңыздылығына мән беріңіз
Белгілі бір жетістікке жету – сіздің мақсатыңыз. Осы мақсат жолында бір рет тәуекелге бел буа аласыз ба? Оның маңыздылығы қандай? Егер сіз ойлағандай нәтиже болмаса, неден ұтыласыз? Міне, осы мәселерге мән беріңіз. Тәуекелге бел буу – оңай дүние емес. Тәуекел өзіңізге ғана емес, өзге де адамдарға әсер етуі мүмкін.
3. Көзқарасыңызды өзгертіңіз
Бір оймен жүре берсеңіз, өміріңізді өзгерте алмайсыз. Оған күмәніңіз болмасын. Қатып қалған қағидамен жүре беретін адам өмірден ештеңе үйренбей өтеді. Қарапайым мысал ретінде келтірсек: отбасы мүшелерінің әрбіреуін берілген қызметі бар делік. Бірі су тасиды, бірі көлік жуады, бірі тамақ пісіреді, бірі киім үтіктейді, бірі балаға қарайды. Сіз үйде жасап көрмеген тірлікті жасап көріңізші. Өзгенің орнына өзіңізді қойып көріңіз. Көзқарасаңыз да өзгерері сөзсіз.
4. Өзге дүниелерге де мән беріңіз
Біздің өмір сүру салтымыз «Сананы тұрмыс билейді» деген пікірді жоққа шығаруы тиіс. Яғни, рухани құндылықтарды да назардан тыс қалдырмау керек. Тек жұмыстың құлы болып емес, отбасы, дос-жаран, ішкі қуат деген секілді байлықтарға бір кезек көңіл бөлу керек.
Бұл аталған кеңестерде адамның тек бір арнада емес, көп арнада өзін шыңдауы керек деген ой жатыр. Өміріңізді өзгерткіңіз келсе немесе ауытқу барын байқап, қалпына келтіргіңіз келсе, бәрін өзіңізден бастаңыз.