Өмірге деген көзқарасыңызды өзгертетін маңызды нәрселердің тізімін назарларыңызға ұсынамыз:
1. Түсіне, кешіре білу
Кешіре білу - өмірімізге ең қажетті қабілеттің бірі. Неге? Егер сіздің біреуге ренішіңіз бар болса, оны сақтау, соны қайта-қайта еске алып, ренжу бойыңыздағы бүкіл энергияны сорып алады. Ал негізінде, ол энергия сізді алға жетелеуге жұмсалуы керек.
Алдымен өзіңізді кешіруді үйреніңіз. Өзіңіздің қателіктеріңізді мойындап, кешірсеңіз, өзгелерді де кешіру жеңіл болады.
Біз бұл өмірге сан түрлі тәжірибеден өтуге келдік. Демек, әр жағдай, әр адам біздің өмірлік ұстазымыз. Сондықтан сол ұстаздарымызға іштей алғыс айтып, кешіре білейік.
Оның үстіне «болған іс болды, бояуы сіңді» демекші, жіберген қателіктерді түзеу мүмкін емес. Өзіңізді сол адамның орнына қойып, оны түсінуге тырысыңыз.
Бұл үдерістен кейін өзіңізді әлдеқайда жеңіл әрі бақытты сезінетініңіз хақ.
2. Жақыныңыздың таңдауын қабылдай білу
Жақындарыңыздың бақытсыз екенін көріп, іштей қынжыласың. Бірден көмектесуге ниеттеніп, кеңес айтуға кірісесің. Ал жауап қандай? Әдетте, үнсіздік.
Демек, ол адамға қазір ешқандай кеңес, нұсқаулықтың қажеті жоқ. Иә, мүмкін сіздің сөзіңіздің салмағы бар болар, алайда, жақыныңыз оны қабылдамаса, түсіне біліңіз. Ренжіп, ашуланудың қажеті жоқ.
Ол қалай өмір сүруді таңдаса, соны құрметтей біліңіз.
3. Өз қателігін мойындау
Қателікті мойындау біреудің қуанышы үшін жасалатын әрекет емес. Сөзбен мойындау басқа, іштей мойындау бір басқа.
Ішіңізден анализ жасап, қате кеткенін мойындап, болашақта сондай қателіктің болмауын ескерсеңіз, шынымен мойындай алдым дей аласыз.
4. Ұрыс-керісті болдырмау
Жақыныңызбен ұрыс-керістің алдын алуға тырысыңыз. Әдетте адамдар жақын адаммен дауласу қорқынышты емес екенін айтады. Яғни жақын адамың бәрібір сені жақсы көреді. Алайда, бұл қате пікір. Әрбір ұрыс, дау, жанжал сізді одан алыстатады. Жаныңыздан кетпесе де, іштей бір-біріңізден көңіліңіз қалуы ықтимал.
Ұрыс-керістің алдын алу үшін:
Алдымен сабаңызға түсіңіз. Кез келген нәрсені сылтауратып бөлмеден шығып кетіңіз. Әдетте бұл әдісті ер адамдар қолданады. Бірге өткізген жақсы күндерді еске алыңыз.
Егер мәселе шешімін талап етсе, келесі күнге қалдырыңыз. Демалып, сабаңызға түскен соң мәселенің шешімін табуға кірісуге болады.
Дауыс көтеріп, ауыр сөздер айтудан сақ болыңыз. Бұл мәселені шешетін әдіс емес. Керісінше, оны шиеленістіріп жіберуі мүмкін.
Жақыныңызбен араңыздағы мәселелерді шешуге өзге адамның кірісуіне жол бермеңіз.
Ең бастысы, күш қолдануға болмайды. Өзіңізді ұстай біліңіз.
5. Жақыныңа тіл тигізбеу
Жоғарыда айтқанымыздай, жақыныңызға ауыр сөздер айтпаңыз. Бір балағат сөз сыйлы қарым-қатынасты бір сәтте жояды. Сүйген адамыңыз сүюден қалады...
Сурет: ©Николай Киреев
Оқи отырыңыз:
Әріптестеріңізбен тіл табысып жүрсіз бе?
Сүйіктіңіздің сезімі шынайы ма?
Таңдау жасау кезінде қателеспеу үшін...