- Негізгі бет
- Психология
- Өмірде табысты болғыңыз...
Өмірде табысты болғыңыз келсе...
1. Еш уақытта теледидар қарамаңыз.
2. Еш нәрсеге қарамастан алға жылжыңыз.
3. Басыңызға идея келді ме? Бірден қағазға жазыңыз.
4. Кешігіп жатырсыз ба? Қалай да болсын ескертудің жолын табыңыз.
5. Өзгелердің арманына күлмеңіз.
6. Өзіңізді сатып кеткен адамдарға еш уақытта оралмаңыз. Олар өзгермейді.
7. Мүмкіндігінше ата-анаңызбен көбірек бірге болуға тырысыңыз. Олар күтпеген жерден бақилық болып кетуі мүмкін.
8. Мәдениеттіліктен асқан қасиет жоқ.
9. Қателеріңізді мойындап үйреніңіз.
10. Үнемі шағым айту әдетінен арылыңыз.
11. Өсек сөз айтпаңыз.
12. Қиын-қыстау кезеңде барлығының да өткінші екенін біліңіз.
13. Біреумен жанжалдасып жатқан кезде де намысына тиетіндей сөздер айтпауға тырысыңыз.
14. Есте сақтай алмайтыныңызды білсеңіз, үнемі шындықты айтыңыз.
15. Ең қиын, орындағыңыз келмейтін жұмысты күннің алғашқы бөлігінде жасаңыз.
16. Ешкім ешкімге қарыз емес. «Қарызбын» деген сөзді сөздік қорыңыздан алып тастаңыз. Әйтпесе, расымен де, шығынға батасыз.
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай