Адамдардың барлығы өмірде өз орнын тапқысы келеді. Кей сәттерде адасып, қай жаққа жүру керек екенін білмей жататын кездері де болады. Осыған орай, өмірде өз орныңды табуға көмектесетін кеңестер беруді жалғастырамыз.
Өз күшіңе сену. Мансаптың өсуі жеке таныстықтарды, адамдар арасындағы байланыстарды әрқашан қамтамасыз ете алмайды. Өз жұмысын ерекше ықыласпен, шығармашылықпен және адалдықпен атқарып жүрген адам табысқа жететінін ұмытпай, өз мүмкіндіктеріне арқа сүйеу керек.
Өз-өзіңді сыйлау. Сүйіктіңіз некелесуге әлі дайын болмаса, онымен бірге тұрмас бұрын ойлану керек. Сіз үшін қарым-қатынастарыңызды ресми түрде негіздеу маңызды болса және сіздің ойыңызша нағыз жігіт отбасылық өмірден, төлқұжаттағы мөрден қорықпау керек болса, онда азаматтық неке сізге нағыз бейнет болады. Сондықтан, таңдаған адамыңыз сезіміне сенімсіз болса, оған ойлануға уақыт беру керек шығар?
Кешіре білу. Бұрынғы реніштерден қалған іздерді жаныңызда ұзақ уақыт бойы сақтап жүру – бақытқа жету жолында кедергі болуы мүмкін. Реніштерді еске ала бермей, кешірімге келу керек немесе қарым-қатынасты мәңгіге тоқтату қажет.
Басқаларға көмектесу үшін өзіңді аяу. Адам ағзасының қоры шектеулі екенін және қалпына келтіруді қажет ететінін естен шығармау керек. Атқаратын жұмыстар ешқашан таусылмайды. Кей сәттерде өзгелерге көмектесу үшін өзіңе көмектесу қажет.
Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова
Сурет: k-pop.ru