Өмірде күтуге болмайтын 10 іс

Өмірде күтуге болмайтын 10 іс

1. Сүю мен махаббат керек болған кезге дейін ол сезімге бодау бермей күтіп жүруге болмайды; Өмір соғыс майданы сияқты, күтіп жүріп мәңгілік қайталанбас сәтті өткізіп алуға болмайды.

2. Жалғыздықты сезінгенге дейін доссыз жүруге болмайды; Дос кім? Дос – сіздің өміріңіздің мәні. Әрбір жүрекке түскен салмақтың бір шетін дос көтеріседі.

3. Қызметіңіз болған кезге дейін құлшына жұмыс істемей жүруге болмайды; Кей адам өмір бойы өзі армандаған жұмысын аңсап өтеді. Өмір сіздің қиялыңыздағыдай емес. Сіз өмір бойы  өз көңіліңіз толмайтын жұмыс істеп өтіп кетуіңіз мүмкін. Сондықтан бұл ортаны өзіңіз өзгертіңіз.

4. Жеңіліске ұшыраған кезге дейін басқалардың ескертуі мен ақылын алмай қоюға болмайды; Жақындарыңыз жаман болсын деп ақыл айтпайды. Бір уақ өзіңіз жалғыз қалғанда басқалардың пікірін де ой елегінен өткізіп қойыңыз.

5. Адамның әлсіз екенін төсек тартып жатып қалған шақта ғана ойламаңыз; Адам табиғаттағы дара қарсылық қуаты жоқ ең әлсіз тіршілік иесі. Сондықтан денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.

6. Айырылсар сәтте ғана қастерлі сезімді еске алып өкініп жүрмеңіз; Не үшін адамдар үнемі екі бөлек кетіп, қош айтысып болғаннан кейін ғана өз сезімдерінің қадіріне жетіп өкініп жатады. Бұл да ойланарлық дүние. Есіңізде жүрсін.

7. Басқалар сізді мақтаған кезде ғана сіздің өз-өзіңізге сеніміңіз қалыптаспасын; Әр адамның кемшілігі мен артықшылықтары бар. Сенім, өзіне сенім солардың кілті. Басқалардың мойындауын, мақтауын күтіп жүрсеңіз онда тым кеш қаласыз. Өзіңізге тиеселі бақыттан жұрдай боласыз.

8. Қателігіңізді басқалар көрсетуден бұрын танып жетіңіз; Қателікті мойындау күлкілі шаруа емес. Оған бола қайғырмаңыз. Қайта басқалардың сізге деген ішкі құрметі артады. Сенімі артады.

9. Байыған күнді күтіп жүріп, кем-кетік пен жетімдерге қайыр беруді доғарып қоймаңыз; Адамның адамдық қасиеті сіздегі байлық немесе берген қайырыңыздың көп-аздығына қарамайды. Аз болса да, беруге тырысыңыз.

10. Өлім сағаты жақындағанда ғана өмірдің қадірін білдім, тұрмыс неткен ыстық еді деп аһ ұрудың алдын алыңыз; Өмір ежелден қадірлі. Өмір өзенінің шегі жоқ. Бірақ, тірі жанға өлім келетіні анық.


Автор: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: sohu.com

M. Auelkhan