- Негізгі бет
- Психология
- Өмірді сүйетінді сүй!...
Өмірді сүйетінді сүй!
Адамдарға қолыңнан келгенше қуаныш сыйла. Жан баласынан қарғыс алмауға тырыс. Жылдап жинаған алғысыңды бір күндік қарғыс шаша салуы да мүмкін.
Ешқашан біреудің арманына күлме! Керісінше, армандай алмайтын адамнан күдеріңді үз.
Өмірді сүйетінді сүй!
Бұл өмірден тек сүюді ғана үйренген адам өз өмірінің босқа өтпегенін білуі тиіс.
Құлағаннан емес, жоғарыға ұмтылмағаннан қорық!
Бес-ақ күндік ғұмырдың бес минутын да қадірле...
Артыңа ұрпақ қалдыруды ойла! Ұрпақтарыңның тегіне телінген сенің атың сенің бұл өмірде болғаныңды айқындайды.
Өзгенің сіз туралы ойына аса назар аудара бермеңіз. Өзгелер сізді өзіңіздей білмейтінін ұмытпаңыз.
Жақындарыңызға оларды жақсы көретініңізді жиі айтып тұрыңыз.
Ешқашан "Менің туған күнім" деп айтпаңыз. Бұл әкеңіз бен анаңыздың да ортақ мерекесі.
Өз өміріңізді біреудікімен салыстырмаңыз. Жұмыр басты пенденің бәрі өмір бойы бақытқа белшесінен батып өтпейді.
Біреуге ұнағыңыз келсе, алдымен өзіңізді-өзіңіз ұнатып алыңыз.
Жиі шұғылданатын ісіңізден анда-санда демалыс алыңыз. Бұл сіздің ол істен жалықпауыңызға жол ашады.
Есіңізде болсын: Әркімнің өз шындығы болады. Ол үнемі сіздің ойыңызбен сәйскесе беруге міндетті де емес.
Сіз үшін "Бүгін-өміріңіздегі ең бақытты күн" болуы керек...
Мына әлем сен айтқандай "әділетсіз" де "арам" да емес. Әлемнің сенің әлегіңде жұмысы да жоқ.
Көзсіз ғашық болсаңыз да, көзбен тұрмысқа шығыңыз.
А. Әбілхан