Өміріңізді өзгерткіңіз келе ме? Неден бастау керектігін білмейсіз бе? Ендеше алғашқы қадамын жасадым деп есептеңіз. Ары қарай сізге мынадай кеңестер көмегін береді:
Өзіңізге шын мәнінде не ұнайтынын түсініп алыңыз. Бұл ең бастысы, әрі ең қиыны деуге болады. Күнделікті ішетін, жейтін зиян тағамдардан және темекіден бас тартыңыз. Оның орнына жеміс-жидек, көкөніс пен суды молынан ішіп-жегеніңіз жөн. Бұл орайда айтайын дегеніміз, сізге бәінен бас тарту емес, қант, ұн, кофе мен алкогольды мейлінше азайту. Шет тілдерін оқуды бастаңыз. Бұл тәжірибе сізге әлем туралы түсінігіңізді кеңейтіп, жеке дамуыңызға септігін тигізеді. Ағылшын тілін білу – интеллигенттерге тиесілі емес, бүгінгі тіршілікке қажетті білім. Кітап оқыңыз. Кез келген шығарма – өзіңіздің кәсібіңізге қатысты оқулықтар, тарих, психология, өзін-өзі дамыту кітаптары, сапалы көркем шығарма, бұның әрқайсысының сізге берер азығы мол. Кітап оқуға уақытыңыз жоқ болса, көшеде, не көлік жүргізіп келе жатқанда аудиокітап оқуыңызға болады. Демалысты пайдалы етіп өткізіңіз. Көрмеге барыңыз, спортпен шұғылданыңыз, қаланың сыртына шығыңыз, парашютпен секіріп көріңіз, туыстарыңызға қонаққа барыңыз, жақсы фильм болып жатса, оны да көріңіз. Қоғаммен байланысты үзбеуге тырысыңыз. Бір орында қалып қалмаңыз! Блог жазуды бастаңыз. Сіз қалам шебері болмасаңыз да, оқырманыңыз аз болса да, бұл сізге үлкен көмегін тигезері сөзсіз. Уақыт өте келе оқырманыңыз да көбеюі мүмкін. Өзіңізге мақсат қойыңыз. Оны ойыңызда сақтамай, қағаз бетіне түсіріңіз. Уақытты бағындырыңыз. Тез шешім қабылдап, оларды жылдам жүзеге асыруға тырысыңыз. Сізге артылған жұмыстарды жүйеге келтіріп, оларды бітіруге тырысыңыз. Компьютерлік ойындардан, әлеуметтік желілерде мақсатсыз отырудан бас тартыңыз. Әлеуметтік желіде отыруды минимизациялаңыз. Бір басыңызға бір аккаунт та жетерлік. Ерте тұруға дағдыланыңыз. Ерте уақытта кешкіге қарағанда көбірек жұмысс бітіреді екенсіз. Сізді қоршаған адамдарға көз жүгіртіңіз. Айналаңыздағы адамдардың адал болғаны дұрыс. Өйткені сені қоршаған адамдар – өзіңнің айнаң секілді. Білімді адамдармен араласуға тырысыңыз. Негативті, енжар, пессимист және ызалы адамдарды өз ортаңыздан ығыстырғаныңыз жөн. Өмірдің әр сәтінде жаңа бір нәрсе білуге ұмтылыңыз.Жалғасы бар...
Дайындаған: Фариза Әбілова
Сурет: content.ru