Өмірді өзгертетін бес әйгілі сөз

Өмірді өзгертетін бес әйгілі сөз

Бірінші сөз: таңдаулы болу жақсы әдет

Бұл ежелгі Грек философы Аристотельдің сөзі. Адам өмірге келгеннен кейін, оның ана сүтін іздеуінен басқасының бәрі кейінгі өмірде, отбасы әсері мен тәрбиесінің жемісі деуге болады. Біздің әрбір әрекетімізді әр жыл, әр ай, әр күн сайындағы жинақталған әдеттер келтіріп шығарған. Біреулер жақсы әдет, біреулер жаман әдет қалыптастырады. Сондықтан біз қазірден бастап жақсы әдет қалыптастыруға ұмтылуымыз керек. Ол біздің өмірімізді өзгертеді.

Екінші сөз: өмір - кезең

Жұмыстың нәтижесі өте маңызды, бірақ жұмыстың орындалу барысы тіптен маңызды. Өйткені, нәтижесі жақсы болса, бәріміз қуанамыз, ал оның барысы біздің өміріміз екенін естен шығармауымыз керек.

Үшінші сөз: екі нүкте аралығының жақын болуы оның түзу болатынынан дерек бермейді

Қарым-қатынаста біз атқаратын жұмысымызды тіке айтып, табысқа жету мүмкін емес. Біз жұмыстарды атқарғанда, көптеген қиыншылықтар мен кедергілерге жолығамыз, кейде тіпті қиналып, кейде аласұрамыз, сол іске қадалып қалуымыз мүмкін, бірақ оларды айналып өтуге де болады. Осылай істегенде, ойға алған істер табысты болады.

Төртінші сөз: не үшін тоқтап қалғанын білетін адам қалай тез алға ілгерілеуге болатынын да біледі

Қарда сырғанағандағы ең зор әсеріміз тайғақ қарда қалай тоқтағанымыз болады. Қайта-қайта істейміз, машықтанамыз, зулап келе жатып, үлкен кедергіге тап болғанда, аяқтағы шаңғыны қарға қалай салғанда лезде тоқтауға болатынын үйренеміз. Ол өте маңызды. Сіз ол қас-қағым сәтте қалай тоқтауға болатынын білсеңіз, соғұрлым тез, ләззатты, ең шырқау шыңнан төмен қарай сырғанай аласыз. Өйткені, қалай тоқтауды білетін адам жоғары жылдамдықта, тез алға ілгерілеуді де біледі.

Бесінші сөз: қол үзу бір түрлі парасаттылық, кемшілік пен мін бір кісілік қасиет

Сізде алты тал алма бар десек, оның барлығын жеп қоймаңыз, сіз жеп қойған күнде, аузыңызда жалғыз-ақ алманың дәмі қалады. Егер сіз алманың біреуін жеп, қалған бесеуін бес адамға бөліп берсеңіз, ол адамдардың бет-әлпетінен бес түрлі күйді аңғарасыз, ол – достық пен көңілділіктің, шаттықтың белгісі. Адам өзінде бар дүниелер арқылы, оны басқалармен бөлісу арқылы ең маңызды нәрселерді, керек дүниелерді өз қолына келтіре білуді үйрену керек.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan