Өмірді өкінбей өткіз

Өмірді өкінбей өткіз

Ортаны өзгерте алмайсың, бірақ өз-өзіңді өзгерте аласың!

Жас болғасын аман болсақ, басымыздан әлі талай тағдырды өтікзерміз. Махаббат, достық бәрі де осының ішінде. Ешкім де барлық күнді қуанышқа толы, бақытты етіп өткере алмайды.  Ешкім де өзінің қайсарлығы мен әлсіздігін сезініп үлгермейді. Тек жүрегіңді мазалайтыны өткен күндер мен қасірет, өкініштер ғана. Ал сені бақытты ететіні – кеңпейілділік пен мейірбандық. Алаңсыз ететіні – түсіну мен сенім!

Реалдықты өзгерте алмайсыз, бірақ, оған болған көзқарасыңды өзгерте аласың!

Не үшін өмірімізде болған һәм болатын кейбір нәрселерді өзгерте алмаймыз? Мүмкін, шынайы мақсатымызды білмеуден шығар. Не үшін қашан да қол жетпес биікке ұмтыла береміз? Біз бұрын осы күнді армандап едік қой. Кезінде масаттандық, шырын-қиялға баттық. Қашан да тар шеңбердегі арманымыз үшін күрес жасадық. Бірақ, артымызға бұрылып қараған сәтте бәрінің де ештеңеге татымайтынын сезінеміз. Неге? Себебі, сен әу баста нені армандағаныңды, алдағы мақсатыңның не екенін білмегенсің. Қорықпа, алда тағы ұзақ жол бар.

Өткен күндерді өзгерте алмайсың, бірақ, бүгін – бұл күн сенің қолыңда!

«Өткен өтті, енді өкініп сұранба!». Болашақ тіпті де нұрлы. Өйткені өзімізге керегі қалмаған жүкті арқамыздан алып тастағанда ғана жеңілдеп қаламыз. Ол жүк – өткен күнге деген өкініш, қасірет, қайғы. Ұмыту – санаңнан бәрін жойып жіберу емес. Тек өкінішің туралы ойлану неге керек?! Ғұмыр тым қысқа. Осынау қысқа күнді жақсылыққа арнамауға қандай хақымыз бар?! Алда кеше істей алмаған қаншама жақсы істер сені күтіп тұр. Кеше қадірін білмеген қаншама адам сенің қадірлеуіңе зәру. Артыңа қарама, бәрі де тек қана алда!

Ертең не күтіп тұрғанын білмейсің, бірақ, бүгінгі қадам сенің еркіңде.

Үнемі жол жүргенде даңғыл жолға түсеміз. Адам көп жүрген жол қашан да тозады. Бәрібір сен ол жолдың қайда апарарын жақсы білесің. Өмірдің ел жүріп өткен жолы шынымен де мағынасыз. Орман ішінде бір жол бар. Сен бұл жолмен кімдердің жүргенін, қайда барғанын білмеймін. Бірақ, осы жолмен жүргің келеді. Батылың жетпей тұр ма?! Бірақ, болашақта соңыңнан ерер мың сан ұрпақ, дәл осы жолмен жүруі мүмкін. Оларға қалдырар даңғыл жол сенің осы бір қадамыңнан басталатын шығар.

Ауа райын өзгерте алмйасың, бірақ, өз көңіл-күйіңді қалыпты ұсатй білесің.

Даналар айтқан мынадай бір сөз бар: «Сен өмірге күліп қарасаң, оның да саған күлімсіреп тұрғанын сезінесің». Өйткені, өмір сенің айнаң! Сол айнаның ішінде сенің бейнеңді өзіңе көрсетіп тұратын қаншама адамдар жүр. Достарың, жақындарың, туыстарың және ең сүйікті тағы бір адам. Жұмыстан қалжырап келгенде, әлдебір көңілсіздікке жолыққанда, жүрегіңді сан түрлі тағдыр қинағанда, т.б. өмір-айнаның ішіндегі қаншама адам сенің бейнеңе қарай қызмет ететінін ұмытпа. Сол үшін де өмір – айнаға қарар алдында күлімсіреудің маңызын сезіне біл. Әр таңыңды күлімсіреп қарсы ал.

 

Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек