- Негізгі бет
- Психология
- Өмірді қызықты етудің...
Өмірді қызықты етудің жолдары
Өмір туралы жазылмаған кітап, айтылмаған сөз жоқ шығар. Тіпті университеттерде «өмір философиясы» атты арнайы пән де оқытылады. Себебі бұл – адамның тіршілігіндегі үлкен жұмбақтардың бірі. Оны қызықты ету үшін не істеуге болады?
Қорықпаңыз
Өмірде жаңа бір нәрсені байқап көруден жүрексінбеңіз. Сізге еш пайдасы жоқ, ләззат сыйламайтын дүниеден бас тартудан қорықпаңыз. Қате жіберуден қорықпаңыз, себебі қателіктер – даналыққа жеткізетін баспалдақ.
Сүйікті ісіңізді табыңыз
Адам өмірінің біраз бөлігін жұмысқа арнайды. Егер сол жұмыс өзіне қызықты болса, денсаулығы да зор, көңілі де тоқ болады.
Даму
Өз ісіңіздің үздік маманы болуға ұмтылыңыз. Кәсіби жақтан өзіңізді дамытып отыруға тырысыңыз. Бұл тек сіз қызмет ететін компанияның ісі оңға басу үшін ғана емес, өзіңізге деген сенім мен құрметті нығайту үшін де жасалады.
Ата-анаңызды сыйлаңыз
Ата-ананың орнын ешкім баса алмайды. Сол себепті көзі тірісінде құрметтеп, жиі әңгімелесіп, ақылын тыңдаңыз. Қанша жаста болсаңыз да, ата-анаңыз үнемі сізден екі есе ақылды, дана болады. Ол кісілердің алдына барып, бас иіп, сөзін тыңдауға уақыт таба біліңіз. Ата-анаңыздың бақыты – сіздің бақытыңыз.
Жалғасы бар...
Ф. Абилова