Айла деген сөздің жағымсыз естілетін. Алайды өмірде ешкімге зияны тимейтін әдіс-тәсілдер бар.
Сөзіңізге сенгіңіз келсе, әңгімені «Әкемнің айтуы бойынша» деп бастаңыз. Қандай болса да ата-ана кеңесі кім-кімге де дұрыс көрінеді. Сіздің сөзіңізді қолдауының тағы бір жолы әңгімелесушіңізге сұрақ қоя тұрып бас изеуді ұмытпаңыз. Бас изеу тек шындықты айтып тұрғандай әсер қалдырады. Сонда қарама қарсыңыздағы адам да бас изерлік жауап айтады.
«Алматыда жоқ-жоқ, Астанада жоқ-жоқ» деген ән еркіңізден тыс тіліңізге орала бере ме? Әлде басқа әннің қайырмасын қайталай бересіз бе? Мұндай жағдайда «жоқ-жоқ» деп әннің соңғы бөлігін ғана қайталау керек. Сонда ән тіліңізден өздігінен жоғалады. Ми аяқталмаған сөйлемді есінде сақтап қалады.
Әлдебіреу сізді жақтырмайтындай әсер қалдырса, одан қарындаш сұраңыз. Бір жағынан, адам ұнатпайтын адамына көмектескісі келмейді, екінші жағынан қолын қайтарайын десе, бұл түкке тұрмайтын нәрсе. Осылайша адам соншалықты жек көрмейтінін түсінеді.
"Қағаз, қайшы, құдық" ойынында жеңіске жеткіңіз келсе, дәл ойын басталарда қарсыласыңызға сұрақ қойыңыз. Ол ойы жан-жаққа шашырағанда автоматты түрде қайшы көрсетеді.
Біреуден өзі қаламайтын нәрсе туралы сұрасаңыз, бірден екінші сұрақты қойыңыз. Мысалы қажет пе деп сұрау орнына, нешеуі қажет десеңіз, ол ұсынысыңыздан бас тартпайды, қалай келіскенін білмей қалады.
Біреу соңыңызға түскендей күдік туғызса, тұрған орныңыздан оңға, сосын артқа, содан соң солға, енді алға жүріп, қайтадан бастапқы орныңызға келіңіз. Осы жол бойы әлі де артыңыздан жүріп келе жатса, дереу сыртқы тараптан көмек сұраңыз.
Біреумен қол алысу қажет болса, қолыңыз жылы болуына мән беріңіз. Алақандағы жылулық та достықтың күшеюіне себеп болады.