- Негізгі бет
- Психология
- Өмірді жеңілдететін психология...
Өмірді жеңілдететін психология заңдары
Психология адамдарды түсінуге, олардың әрекетіне қарап, болмысын тануға көмектеседі. Психологияда қалыптасқан заңдар бар. Ол тек қоғаммен байланысты нығайтып қана қоймай, адам ретінде дамуыңызға септігін тигізеді.
1. Босату заңы. Жаңа киім керек болса, ескісінен арылыңыз. Жаңа нәрсеге орын босатуға тырысыңыз. Өз еркіңізбен ішкі таптаурындармен күресе білуіңіз керек. .
2. Айналым заңы. Қалағаныңызға қол жеткізу үшін қолыңыздағы маңызды нәрсені беруге дайын болыңыз.
3. Жоғалту заңы. Ешнәрсемен айналыспайтын адам ғана қателеспейді. Егер бір нәрсемен айналыса бастасаңыз, демек қателесе аласыз. Қателіктен адам сабақ алады. Тек өзі жіберген қателіктен ғана алған сабақ есте сақталады.
4. "Артықтан тыртық жақсы" заңы. Бұл барлық жерге қатысты. Артық жегенше, тоймай қалған дұрыс. Қатты шаршағанша, үйге ертерек оралған жөн. Барлық нәрсенің шегін білуді үйрену керек.
5. Тобыр заңы. Адам күні адаммен. Адамдармен араласуды үйрену, кешіру, жанжалдан кейін татуласу, бірге өмір сүру — барлығы уақытпен әрі тәжірибемен келетін дағдылар.
6.Нақты уақыт заңы. "Ертең" ешқашан келмейді. Бірақ, 2 сәуір міндетті түрде болады. “Ертеңді” нақты уақытқа алмастырыңыз.
7. Тоқтау заңы. Жоқ нәрсені күшпен шығаруға болмайды. Барлық адамда энергия бірдей. Тек біреулер оны қолданып біледі, енді бірі жоқ. Сол үшін уақытында тоқтап, тынығуды ұмытпаған жөн.
8. Мінсіздік заңы. Мінсіз ешнәрсе жоқ! Сол мін адамды бір-бірінен ерекшелендіріп тұрады. Әлемдегі қателіктерді түзетіп, мінсіз етуге тырыспаңыз. Өзіңізге де жиі ұрысуды қойыңыз.
9. Таңдау заңы. Бәрін бірдей білу мүмкін емес. Біреуін қол жеткізу үшін, екіншіден бас тартуға тура келеді. Жақсы дәрігер, бірақ ән айта алмайды. Мықты ұстаз, бірақ тамақ пісіре алмайды. Қай бағытта өзіңізді дамытатыныңызды таңдаңыз.
10. Минимум және максимум заңы. Көзге бірден түсетін адамдар, көшбасшы, дарынды адамдар ешқашан екі ортада өмір сүре алмайды. Қоғам не оларды жақсы көреді, не жек көреді. Ашық адамдарды байқамау не көзге ілмеу мүмкін емес. Егер шығармашылықпен көзге түсіп жатсаңыз, сынға дайын болыңыз.