- Негізгі бет
- Психология
- Өмір сүрудің алтын...
Өмір сүрудің алтын қағидалары
1. Нағыз жігіттің бойында мынадай үш қасиет болу керек: адалдық, мінез және іс-әрекет.
2. Қандай оқиғаға тап болсаңыз да адамдығыңыздан аласармаңыз. Бұл – өмірдің басты қағидасы.
3. Ата-анаңызды құрметтеңіз. Олар сияқты сізді ешкім, ешқашан жақсы көре алмайды.
4. Адамдар өзгермейді. Тек сіздің олар жайлы ойыңыз өзгеруі мүмкін.
5. Егер шын мәніне келер болсақ, ең жақын дос – сіздің өткеніңізді білетін, болашағыңызға сенетін, ал дәл қазір сізді қаз қалпында қабылдап жүрген жан.
6. Көріп тұрған затыңызға көз жұма салуға болады. Бірақ сезіп тұрған затыңызды жүректен өшіре салуға болмайды.
7. Бір кездері жаныңыздың бөлшегі болған жанды оп-оңай өміріңізден қуып шыға алмайсыз. Өйткені оның орны бәрібір ойсырап қалады.
8. Сізбен өсек айтатын адамның сіз туралы да өсек айтатынын ұмытпаңыз.
9. Егер сізде мақсат, ниет, батылдық болса, қалайда дегеніңізге жетесіз.
10. Жаңа өмір өткен шаққа мүлдем оралмайтын күйге жеткенде ғана басталады.
11. Сізге «оңай болады» деп ешкім айтпауы мүмкін. Алайда ауыр күндердің бәрін артта қалдырғаныңыз үшін өз-өзіңізге риза боласыз.
12. Егер кез келген адамды жақынырақ танығыңыз келсе, өзгелердің ол туралы не айтатынын емес, оның өзгелер туралы не айтатынын тыңдаңыз.
13. Мәңгілік еш нәрсе жоқ. Бір секундтың ішінде де бәрі өзгеріп кетуі мүмкін.
14. Мықты адамдар қашанда қарапайым болып келеді.
15. Сынақтар сізге күйзеліске түсу үшін емес, іс-әрекет ету үшін беріледі.
16. Ызадан қартаятыңызды, күлкіден жасаратыңызды біліп жүріңіз.
17. Егер жүрегіңізде болса, қатты алыстағы адам да дәл қасыңызда бола алады.
18. Шыдамды, сабырлы адам түптің түбінде барлығын жеңіп шығады.
19. Егер біліміңізді жетілдіргіңіз келсе, күн сайын бір нәрсе қосыңыз, ал егер даналығыңызды жетілдіргіңіз келсе, күн сайын бір нәрседен арылыңыз.
20. Бақытты адам ешкімге жамандық тілемейді.
21. Сіз жайлы жақсы, біреулер жайлы жаман әңгіме айтатын адамдарды тыңдаудың қажеті жоқ.
22. Махаббат деген тек қана сезім емес, сонымен қатар сенім және іс-әрекет.
23. Өміріңізде шын бақытты сезінетін секундтар, шынайы күліп жүретін минуттар және армандайтын сағаттар көп болу керек.
24. Біреуге айып тағып, үкім шығарып, қызғаныштан күйіп өртеніп бақытты бола алмайсыз. Керісінше қандай жағдайда да кешіріммен қарап, түсіністік танытсаңыз арыңыздың алдында таза боласыз.
25. Егер үлкен табысқа қол жеткізгіңіз келсе, бүкіл әлем сізден теріс айналса да, өз-өзіңізге сеніміңізді жоғалпаңыз.
26. Әлсіз адамдар ешқашан кешірім сұрамайды. Кешірім сұрау – мықтылардың ісі.
27. Жаныңыз қалайтын іске қалайда уақыт табуға тырысыңыз.
28. Кінәлі адам ғана кешірім сұрамайды. Қарым-қатынастың бұзылғанын қаламайтын жандар да кешірім сұрайды.
29. Жақын адамыңызды құшақтап, жақсы көретініңізді айтудан жалықпаңыз.
30. Құдайды қиналған кезде ғана еске алмай, қуанышқа, шаттыққа бөленген кезде де ұмытпаңыз.
Ж. Исакаев