- Негізгі бет
- Психология
- Өмір шындығы туралы...
Өмір шындығы туралы
Фото:
Иван Попов
Бір ата өзінің немересіне өмір шындығының сырын ашты:
«Әр адамның ішінде екі қасқырдың шайқасындай «соғыс» болып жатады. Бір қасқыр залым болса, екіншісі мейірімді болады. Бірі қызғаныш, көре алмаушылық, менмендік, қатігездік, өтірік айтуға бейімдікті, екіншісі мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, үміт, адалдық сынды игі қасиеттерді бойына сіңірген».
Немересі одан:
«Соңында қай қасқыр жеңеді?» деп сұрағанда, қарт:
«Сен қайсысын күтіп-бақсаң, сол жеңеді» деп жауап беріпті.
Бұл өмір шындығы. Әр адамның бойында бір-біріне қарама қайшы келетін қасиеттер бар. Оларды дамыту не жою тек өзіңіздің қолыңызда.
Ф. Абилова