"Егер сенің дұшпаның болмаса, бақыт сенен сырт айналғаны..."
Т. Фуллер
Болжам мен жазмыш деген түсініктерге қатты сенген бір мемлекетте мынадай дәстүр болған: Өлім жазасына кесілген сотталушыға өлер алдында өмірін сақтап қала алатын жеребе таңдауға мүмкіндік берген. Сотталушы таңдайтын қапшыққа «Өмір» және «Өлім» деген жазулары бар екі жеребе салынады. Егер қылмыскер «Өмір» деген жеребені алса, оның бар қылмысын кешіріп, бостандыққа жіберген. Ал екінші қағаз шысқа, өлім жазасына кескен. Сондықтан кез келген өлім алдында тұрған сотталушыда соңғы минуттарына дейін өз өмірін сақтап қалуға мүмкіндігі болған. Ал жоғары сот таңдалған жеребеге тек келісімін беріп, қылмыскердің өлтірілуіне, не аман қалуына рұқсат беріп қана отыратын күшке ие болған.
Осындай мемлекетте өзінің жеке ісін ашып, қолы енді жүріп келе жатқан адам жолыболғыштығымен әйгілі болыпты. Бірақ оның осы жолыболғыштығын көре алмайтын дұшпандары оған ор қазып, қылмыскер етіп шығарады. Ол жазықсыздан жазықсыз торға қамалып, оған өлім жазасына кесілетіндігі туралы шешім шығады.
Әйткенмен мейірімсіз дұшпандар өлім жазасына кесіліп бара жатқан сотталушының әлі де тірі қалуға мүмкіндігі барын ойлап, оның да бір жолын табады: Қандай да бір амалмен қапшықтағы екі жеребеге де «Өлім» деген жазуды жазғызады. Осылайша олар сотталушыға тірі қалуға еш мүмкіндік қадырмайды. Ол енді қай жеребені таңдаса де өлім құшатын болады.
Бірақ оның да өзіне адал достары бар еді. Олар қапшықтағы екі жеребеден де оны өлім күтіп тұрғанын айтып ескертеді. Достары бұл жөнінде сотқа айтып, қапшықтың ішін тексерткізу керек деп ойлайды.
Бірақ сотталушы бұл жаңалықты естіп, қуанады және бұған байланысты еш амал-айла жасағысы келмейді. Онымен қоса достарына да осы істе жеңіп шығатынын айтады. Олар да оның даналығына сеніп, бұл жайында ешкімге тіс жармауды дұрыс санайды.
Келесі күні сотталушы жеребе тастайды... Сөйтеді де ол бәрібір аман қалады... Қалайша?
Бұл таңғажайыпқа достары да, дұшпандары да сене алмай дал болады. Олар мұндай жағдайдан аман қалуға еш мүмкіндік жоқ еді ғой деп түсініксіз күй кешеді.
Сөйтсе, сотталушы қапшықтан бір жебені таңдаған соң оқымай жатып, жұтып қоя салады. Соттағылар оның бұл әрекетін түсінбей, амалсыздан қапшықтағы қалған екінші жеребені ашып оқиды. Ал онда, әрине, «Өлім» деген жазу болады. Дұшпандарының қылмыскер қастандық жасау ниетінде, қапшықтағы екі жеребенің де өлімге апаратын жол екендігінен хабарсыз сот ол жұтып қойған жеребеде сөзсіз «Өмір» деп жазулы болған деп ойлап, оны босатады.
Осылайша, дұшпандары оның өмір сүруіне амалсыз көмектесті. Егер сіздердің де дұшпандарыңыз болса, сіз нашар өмір сүріп жүрген жоқсыз. Керісінше, сізді көре алмайтындар көп болса сіз шынымен де жұрт көре алмайындай тамаша өмір сүріп жүрсіз деген сөз. Ал кез келген дарынды, ақылды адамдарда міндетті түрде жамандық тілеуші жаулары болады. Өйткені олардың сүйіктісі ісімен айналысуға еш мүмкіндігі де, дарыны да жоқ.
Сурет: bankoboev.ru
Ұқсас жазбалар:
Дұшпанған қайтарылған ең жақсы қарымта
Сынық құмыраны пайдасы
Лай қосылған торт