Таңғажайып ғаламшарымызда әрбір адам өздігінше сабақ алуда. Дүниеге шыр етіп түсіп, соңғы ақтық деміміз қалғанша өмір мектебінің шәкірттеріміз. Біреулерге білім алу жүйесі ұнаса, екіншілеріміз бұрынғы қателіктерімізді қайталап сол сыныпта бірнеше жылдар бойы қалып қоямыз. Сыныптан қалып қоюшылар не себепті үлгерімінің нашар болып кеткендігін түсінуге тырыспайды, керісінше барлығына білім беру жүйесін айыптайды. Олай болса осы Өмір мектебінде жетістіктерге жету үшін не істеу керек? Бұл сұрақты бірге талқылайық.
Мектеппен танысу немесе ашық есіктер күні
Жер шарында өмір сүріп жатқан адамдар бір уақытта шәкірт болса, дәл солай ұстаз қызметін атқарады. Жер беті қала, ауыл, мемлекет, облыс секілді сыныптарға бөлінген. Ал жүйе үздіксіз жұмыс жасайды. Сіз тоқтағанмен, ол кідірмейді. Өзіне ілескен жандарды өзімен ерте жүреді. Жіберген қателіктерімізге байланысты түрлі емтихандар ұйымдастырып отырады.
Онда шәкірттер де түрліше: озат, төрттік бағаға оқитын, үлгерімі нашар және жалқаулар. Қатып қалған қағида жоқ, жалқауларға да түзелу үшін мүмкіндіктер беріледі. Өмір өзен шәкірттерін үйретуден жалықпайды. Сол сабақты жақсылап үйреніп алмағандардың емтихандарда құлайтыны анық. Сол себепті босқа қасарыспай, барлығын ақылға салып сыныптан қалып қалмау үшін тырмысу керек.
Өмір мектебінде барлығы да ойластырылған. Бейімділігіне байланысты пәндер мен мамандықтар бар. Ешкімді мәжбүрлемейді, қалағаныңды оқып, жетістікке жетуіңе тілекші болады. Тек бағасы IQ коэффициенті арқылы көрініс таппайды, көпті көргендігімен өлшенеді.
Өмір ғылымды зерттеуге талпынып, үнемі өзін толықтырып отыруға тырысатын, адамзаттың мүддесіне ортақ дүниелерге қызмет көрсетуге дайын шәкірттерін жақсы көреді.
Көшіруге тыйым салынады!
Өмір мектебі мәселелерін өзі шешетін, жауапкершілігі мол, шыдамды жандарға күле қараса, көшіріп, жеңілдің үстімен жүруге дайын жандарды ұната бермейді. Әр шәкірт қателік жіберген соң, оны өзі сараптап, қайтадан емтихан тапсырады. Ауыр сәттердің жиілеп кететіндігі де осыдан.
Бұл таңғажайып Өмір мектепбінде түрлі ұлттың ұстаздары сабақ береді. Ғылымның түрлері де көп. Шәкірттердің түр-түсіне, білімділігіне, жасына қарамастан, Өмір мектебінде білім алып жатқандығымен бір-біріне тәуелді.
Білім алуға құштарлық
Бұл мектепте сапалы білім алу үшін не істеу керек? Әрине, сол сапалы білімді алуға ұмтылыс керек. Яғни, іштей құштарлық пен дайындық. «Жасағым келеді» мен «жасау керек» сөздерінің мағынасында едәуір айырмашылық бар. Сабақтардың не үшін керектігін түсінген кезде, ұмтылыс та күшейе түседі.
Өмір мектебінде барлығы да ауыр, өмір күреске ғана толы деп ойлаудың қажеті жоқ. Білімі аз болса да, көп оқыған адамның бетпердесін киіп жүретін жандар аз емес. Алайда бұның барлығы өмірді қиындатып жіберуі мүмкін.
Жеңіл оқимыз!
Әркім білім алу ырғағын өзіне лайық етіп таңдайды. Әрбір сыныпта ұстазды мұқият тыңдайтын және тыңдап отырғандарға кедергі жасайтын оқушылар бар. Әдеттегі мектептерде шулауға тыйым салынса, Өмір мектебі оны тек құптайды. Үнемі шағымданғанша, күлімдеп отырып білім алудың қандай болатындығын елестетіп көріңізші. Сол себепті қуаныш пен позитивті таңдаймыз! Әрине, сабақтардың барлығын мұқият тыңдап, мүмкіндігінше толықтай түсіну керек, алайда бұның барлығы жеңіл әлі қызығушылықпен орындалса нұр үстіне нұр болар еді. Өмір мектебінде қай партаға жайғасып, қалай білім алатындығымыз, оқу аяқталған соң қандай аттестат алатынымыз өз қолымызда.
Ал сіз Өмір мектебінде қалай білім алып жүрсіз?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: goodfon.ru