- Негізгі бет
- Психология
- Өмір - даңғыл...
Өмір - даңғыл жол емес немесе 11 кеңес
- Бастықтың қарсыласы болғаннан, қолғанаты болған абзал.
- Досыңнан айырылғың келмесе, оған оңайшылықпен қарыз ақша беруші болма.
- Барлық адам сенің досың бола бермейді, басыңа күн туғанда тек санаулысы ғана жаныңнан табылады. Сондықтан, оларды қадірлей біл, зәру болғаныңда қол ұшын беретін тек солар ғана.
- Басқалардың орнында мен болсам қайтер едім дегенді бір мезет ойлап қой.
- Ашушаң адам үлкен іс тындыра алмайды.
- Айналаңдағыларға мейір бағыштай біл.
- Мейлі ұлық болсын, мейлі қайыршы болсын, бәрін құрметтей біл.
- Алға ілгерілеген-ілгерілемегеніңді басқалармен салыстырма, қайта, бастан кешкен жағдайларға сын көзбен қара.
- Жұмыс орныңда көп істеп, аз сөйле, әсіресе, бастығыңды жамандама, аузыңнан шыққан сөз бастығыңның құлағына жетпей қоймайды.
- Өмірде қадір тұтқан адамыңды үнемі еске алып тұр.
- Ешкім де саған қарыздар емес, сондықтан, елдің бәріне ренжи берме.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: sc.com