- Негізгі бет
- Психология
- Өлмейтін өтіріктер...
Өлмейтін өтіріктер
Уақыттың шектемесінен, заманның дамуынан, мәдениеттің жоғарлауынан ешқашан түзелмейтін өтіріктер де болады.
Бай: Ешқашан пара алған емеспін.
Қожайын: Сенің маған істеген жақсылығыңды ешқашан ұмытпаймын.
Қызметкер: Келесіде қайталамаймын. Енді жақсы істеймін.
Жұлдыздар: Біз әдеттегі достық қарым-қатынастан аттаған емеспіз. Жай достармыз.
Заңгер: Заң алдында барлық адам тең.
Сатушы: Сізге өте арзан беріп тұрмын. Бұдан маған еш пайда қалмайтын болды.
Даяшы: Ас қазір-ақ дайын болады.
Шофер: Бес минутта жүреміз.
Басшы: Төменде қысқа ғана екі ауыз сөз сөйлейін.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек