- Негізгі бет
- Психология
- Өлім алдындағы 14...
Өлім алдындағы 14 түрлі сезім
Психология саласы шынымен-ақ тылсым дүниелер мен қызыққа толы екені белгілі. Адам баласының өмірі ғана емес, өлім халін де зерттеп жүрген психология мамандары көп. Солардың бірі Американдық психолог бүкіл өмірінде хал үстінде жатқан, дәрігерлер өлім алдындағы жандар деп үкім шығарған 150 адамға психологиялық сынақ жүргізген. Ол осы сынаққа әртүрлі техникалық құрылғыларды да қолданған, және олардың кейбір сөздерін дыбыс алғышқа сақтап отыған. Сонымен осы психолгтың «адамның өлім алдындағы сезімдері» атты зерттеуінің нақты тақырыптарын білгіңіз келе ме?
Өзінің өлім хабарын естіп жатады.
Ежелден сезінбеген рахатқа шомады.
Ғажайып дауыстарды естиді.
Қараңғы үңгірге еніп бара жатқандай болады.
Өз денесін толығымен көре алады.
Өз сөзін басқалар естімейді.
Өз денесі тоқтаусыз тәнінен бөлініп, қайта бірігіп жатады.
Барлық мүшелері ауырсыну мен сезінуді жоғалтады.
Жалғызсырайды. Басқалармен хабарласуға амалсыз қалады.
Айналасына белгілі-белгісіз адамдар жинала бастайды. (қасында ешкім жоқ болса да солай сезінеді)
Ең соңында әппақ жарық пайда болады.
Бүкіл ғұмыры көз алдынан өтіп жатады.
Басқа бір әлемге кетіп бара жатады.
Өмірге қайта оралғандай сезінеді.
Дайындаған: Алшын МАТАЙ
Сурет: 3lian.com, shzq.org
Қ. Қауымбек