- Негізгі бет
- Психология
- Олар мықты адамдар,...
Олар мықты адамдар, өйткені...
- Олар біреудің елеусіз қалдырған ісінен нәтиже шығарады.
- Олар басқа жандар сәтсіздік деп ұққан дүниеден сабақ алады.
- Олар жүз ойланып барып шешім қабылдайды.
- Басқа жандар "сәттілік мені қашан тауып келер екен?.." деп күтіп отырғанда, олар соған жетудің жолын қарастырады.
- Олар өзгелер сияқты қорқады. Бірақ қорқынышты өздеріне билетпейді.
- Олар ешқашан кінәні өзгеге артпайды. Өзінің барлық ісін өз жауапкершілігіне алады.
- Олар маңайына тек пікірлес жандарды ғана жинайды.
- Олар шыншыл: өздеріне "неге оның орнында мен емеспін?" деп сұрақ қояды.
- Олар өз өмірлерін қай қырдан көру керек екендігін жақсы біледі және соны жақсартуға білек сыбана кіреседі. Ал мұндай кезде басқа жандар тағдырын талақ етіп, өмірге өкпесін артып отыра береді.
- Олар өзгеге еліктемейді, өз жолын іздейді. Өз тұғырын өзі тұрғызғысы келеді.
- Олардың ұстазы - өмір.
- Олар оптимистер, сондықтан кез келген дүниеден пайда көреді.
- Олар не істеу керек болса, соны аяғына дейін жеткізеді. Тіпті "дәл қазір зауқы соқпай тұрса" да...
- Олар білекке ғана сенбейді.
- Олар проблемадан қашпайды. Керісінше оған бетпе-бет келеді.
- Олар көзін жұмып алып тілек тілемейді. Олар ырымның ырқына көнбейді.
- Олар өз эмоцияларын басқара алады. Өйткені олар өз эмоцияларының құлы емес.
- Олардың өмірлік өз жоспары болады.
- Олар табыс пен ақшаны, бақыт пен жетістікті шатастырмайды.
- Олар өз-өздеріне сенімді.
- Олар жомарт және мейірімді. Олар адамдарға көмектескеннен ләззат алады.
- Олар үнемі өз қателіктерін мойындауға да, оны түзетуге де әзір тұрады. Олар өз әлсіз тұстарын жақсы біледі.
- Олар томаға-тұйық күн кешуден бойын аулақ ұстайды.
- Олар керексіз дүниелерге босқа уақыт жұмсамайды.
- Олардың біреуге қиянат жасамақ түгілі, алдауға ары жібермейді.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: liveinternet.ru, astro-germes.com, facebook.com
А. Әбілхан