Көп адамдар «Жігіт сүйсе, алады, қыз сүйсе, қалады»деген пікірде. Шын мәнінде, түк те олай емес. Түптеп келгенде, бәрі қыздардың қолында. Тіпті, отау құру да қыздың тікелей келісімімен жүзеге асатын жауапты іс. Дегенмен, көп аруларымыз күйеуге шықпай оң жақта отырып қалып жатады. Байқасақ, қарым-қатынасты сақтап, тұрмыс құрудың да кілті болар бірнеше шарттар бар екен.
Сонымен, жүріп жүрген жігітіңіз бен өзіңіздің араңыздағы жылылықты суытпау үшін не істеу керек?
Ешқашан қызғандырам деп тырыспаңыз; Оны жалықтырып алудан сақтаныңыз; Өзіңізге айрықша күтіммен қараңыз. Жігіттер қанша «ішкі рухани байлыққа қараймын» десе де, бәрібір, олар үшін қыздың сыртқы келбеті басты рөл атқарады. Жай ғана достарына сізді «Қызым» деп таныстырған кезде, ол сіз үшін ұялмайтындай болсын. Сондықтан, келбетіңіздің әдемілігіне баса назар аударыңыз; Оның ата-анасы жайлы нашар әңгіме айтудан аулақ болыңыз! Жігіт бәрібір ата-анасын бәрінен биік қояды. Өзіңіздің де ата-анаңызды сынап-міней көрмеңіз;Осы кеңестермен жүрсеңіз, ол сізге үйлену туралы ұсыныс жасайтынына кәміл сенеміз!
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Суреттер: mail.ru