Ол сізге міндетті түрде жауап береді

Сағаттап телефонды қолда ұстап, ғашығыңыз смс хабарламаңызға жауап бергенін күтіп отырасыз ба? Жүйкені жұқартпай, оны жауап беруге өзіңіз итермелеңіз.

Сабыр түбі - сары алтын

Жарыңыздың жазған смс-теріне бірден жауап бермеңіз және бұны әдетке айналдырыңыз. Біраз уақыт (тіпті бірнеше сағат) күтіп қана "Ойбу, көрмей қалдым" деп жауап жазыңыз. Арасында жазылған осындай смс арқылы сіз оны емес, ол сіздің смс-теріңізді күтіп жүреді.

Қатарынан бірнеше смс жазбаңыз

Оның смс-теріне суық, ұстамды жауап беріңіз. Сондай-ақ, қатарынан бірнеше смс жазушы болмаңыз. Оның жауап бермеуәне түрлі себептер болуы мүмкін: оны көрмей не бірліктері бітіп қалуы мүмкін. Ал сіздің бірнеше смс-іңіз артынан орынсыз көрінеді.

Қызықты болыңыз

Смс жазғанда тек ол жайлы сұрамай, өзіңізде болған оқиғалар, бастан өткен қызықтар жайлы айтыңыз, қызықты болыңыз. 

Оның қызығушылықтары жайлы сұраңыз

Оның жеке қызығушылықтарын біліп, арасында сол жайлы сұраңыз. Айтатындай әңгіме, жазатындай смс те болады.

Кеңесіңіз

Жігіттер қиындықтарды шешуге құмар болады. Сондықтан өміріңізде орын алған қандай да бір қиындықпен бөлісіп, кеңес сұраңыз. 

Оған ессіз ғашық екеніңізді көрсетпеңіз

Жігітіңіз сіздің сезіміңізде сенімді болса, махаббаты суып, қызығы кетуі әбден мүмкін. Смс-ке жауап бермеу себебі де сол шығар? Сондықтан оған сезім білдіруде асықпаңыз, әсіресе смс арқылы.

Миды "шірітетін" сұрақтар қоймаңыз

"Қайдасың?", "Неге тұтқаны көтермейсің?" сынды жігіттерге ұнамайтын сұрақтарға жөнді жауап ала алмайсыз. Оған тіпті тіл қатпауы әбден мүмкін.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: 5min.by