- Негізгі бет
- Психология
- Ол сізді ұната...
Ол сізді ұната ма?
Қыз баласы да жігіттер секілді спортқа қызығып, қалжыңдасып, тіпті, ғашық болады. Өкінішке орай ғашық болған кезінде сезімдерін ашып айта алмайды. Ата-анасының тәрбиесі мен намысын ойлайды. Осы күндері бір жігітке ғашық болып, оның өзіне деген көзқарасын білмей жүрген жандар жетерлік. Сіз де солардың қатарындасыз ба? Қатарында болсаңыз алаңдамаңыз, оны анықтаудың төмендегідей бірнеше тәсілі бар:
Ым-ишара тілі. Шындығында ым-ишара тілі сіз бен біз ойлағаннан көп мәлімет береді. Мамандар ым-ишара тіліне қатысты осы күнге дейін әйел адамдардың 52 белгі, ал ер адамдардың 10 белгі ғана қолданатынын анықтаған. Аталған белгілерді оқып үйренсеңіз, адам мінезін толығымен сипаттай аласыз. Әсіресе, сөз қолдану қиынға соғатын жерлерде көмегі көп. Қыз баласы болғандықтан, жігіттердің алдына барып «Мен саған ұнаймын ба?» немесе «Менде көңілің бар ма?» деп сұрай алмаймыз. Сұрап жатпас үшін ым-ишара тіліне назар аударайық:
- Ол сізге көп қарайды. Сізді көрген кезде қасы жарты секундқа көтеріледі. Сізге тесіліп қарап тұрғанын өзі де байқамай қалуы мүмкін;
- Екеуіңіз сөйлесіп тұрған кезде сізге қарай аз иіледі. Психологтардың айтуынша, келесі бір адамның жеке кеңістігіне өту арқылы оған деген қызығушылығымызды білдіреміз;
- Қолдары мен аяқтарын қалай айқастырып тұрғанына да мән беріңіз. Егер сізді нұсқап тұрған болса, сізге деген қызығушылығы бар;
- Өзін ретке келтіре бастайды. Жейдесін немесе галстугын жөндейді. Шашын қолымен тарағандай болып, аяқ киімінің бауын байлап кетуі мүмкін;
- Оның отырысына мән беріңіз. Аяғын айқастырудың орнына тізесінің ортасын ашып, екі қолымен белін таянса, сізге мықты болып көрінгісі келгені;
- Қыздардың жанында бүкірейіп тұратын жігіттер - романтикалық тұлғалар. Ол сіздің әр сөзіңізге мән береді. Ал егер иықтары сізге қарай иілген болса, сөзсіз сізге ғашық.
Көз түйістіру. Жоғарыда айтқанымыздай, сізді ұнататын жігіт міндетті түрде көз алмай қарайды. Батыл болса жігіт сіздің де қарағаныңызды күтеді. Ал ұялшақ мінезділері сіздің көріп қойғаныңызды байқай салысымен шетке қарайды. Оның бұл көзқарасын бағалау үшін 4 секунд қараңыз да басқа біреуге қараңыз. Артынша оның қандай әсерде қалғанын бақылаңыз. Сізден әлі де көз алмай қарап тұрған болса, қызығушылығы бар. Ал егер еріндеріңізге қараса, сізбен тілдескісі келгені. Мүлдем қарамаса, ол сіз жайында ойламайды. Оның бұл көз түйістіруі жай ғана кездейсоқтық.
- Егер бірінші өзінің сол жағына, сосын сіздің жүзіңізге қарап, артынша оң жағына қараса, сізді сүйкімді деп ойлайды;
- Мұнымен қатар ұялшақ жігіттердің әрекеті сізге ықылассыз жандардыкімен бірдей болуы мүмкін. Бұл жігіттер бетіңізге тік қарай алмаса да, ұрланып қарап жүреді. Шыдамды болыңыз;
- Ол жанындағыларды күлдіру үшін әзіл айтқан болса, бір секунд сіздің көздеріңізді бақылайды. Яғни әзілінің сізге ұнаған, ұнамағанын тексереді;
- Жігіт сізді көрген кезде көзінің қарашығы ұлғаяды. (Әрине, мұны байқау қиын);
Оның сөздеріне мән беріңіз. Ғашық жігіттер сүйіктісінің жанында қобалжып, өзі туралы көп мәлімет береді. Және сіз өзге жігіттер туралы айта бастаған кезде қобалжып, өзін қоярға жер таба алмайды.
Сіздің сөзіңізден алған әсері арқылы оның сізге деген қызығушылығын байқауға болады. Шындығында, бұл тәсіл сіздің қалай, қандай дауыспен айтатыныңызбен де байланысты. Оның иығына жақындап, құлағына ақырын бір нәрсе айтыңыз. Егер бірден көзіңізге қарап сізге қарай бұрылса, оның сізге деген қызығушылығы бар. Ал бәрібір болған жағдайда артқа қарай бір қадам жасайды немесе сізге мүлдем мән бермейді.
- Сізге деген ерекше көңілін анықтау үшін оны сырттай бақылаңыз. Сізді сүйетін жігіт қорған әрі сыпайы болуға тырысады. Мұздаған кезде сырт киімін ұсынып, отырыстарды орындығын сіздің қасыңызға қарай жылжытады;
- Сіздің назарыңызға ілігу үшін кей жігіттер өзге қыздармен көзіңізше қалжыңдасады. Осы сәтте сіздің әрекетіңізді көріп, көзқарасыңызды анықтайды. Мұнымен қатар өзге қыздармен қалжыңдасып тұрған жігіттің бәрінде бізге деген сүйіспеншілік бар деп түсінбеуіміз керек. Оны ажырату үшін басқа қызбен сөйлесіп тұрғанын көрсеңіз, ол жерден кетіп, көрінбейтін жерден бақылаңыз. Ол қызбен сөйлесуін бірден доғарса, сізге деген қызығушылығы бар болғаны. Өзіңіз бақылай алмасаңыз, құрбыңыздың көмегіне жүгініңіз;
- Сіздің қызығушылықтарыңызды тереңінен зерттей бастайды. Мысалы, сіздің өзге жанрдағы музыкаларды тыңдағанды жақсы көретініңізді білген соң таңдауға қатысты көмек сұрауы мүмкін. Немесе жақсы көретін әншіңіздің концертіне билет алып береді. Сіз жақсы көретін телехикаяны көреді. Мұның барлығы сізбен сөйлесу үшін жасалатын әрекеттер;
- Ол қобалжи ма? Күлкісі дірілдеп, алақандары терлеп, терең демала ма? Мұның барлығы да сізге деген қызығушылығының бар екендігінің белгісі.
Оның достарына мән беріңіз. Оның достары сізді көре салысымен оны хабардар етіп, сізге деген қызығушылығын қалжыңмен білдіруі мүмкін. Бір-бірлеріңізге ұнайтындықтарыңызды достары-ақ анықтайтын жағдайлар кездеседі. Бұдан былай сізді көре салысымен достарының қандай әрекет жасайтындығын бақылаңыз.
- Достары жақсы көреді дегенмен, кейде жігіттің өзі жақсы көрмеуі мүмкін. Сол себепті жоғарыдағы белгілерге мұқият болыңыз. Бұдан өзге достар бірігіп екі ғашықты ұрыстырып қоюы да ғажап емес;
- Ол сізге еліктейді. Бір қызығы еліктеп жүргенін өзі де байқамайды. Ал оның іс-әрекеттерін қайталау арқылы сізге де ұнайтынын білдіресіз.
Оның қалжыңдарына да мән беріңіз. Егер жас жігіт сізді мазақтаса, оның сізде көңілі бар. Әрине оның бұл әрекетін әдеттегі қалжыңбастығымен шатастырып алмаңыз. Қалжыңдары көңіліңізге тиіп, шектен шыққан жағдайда, бұл әрекетінің ұнамайтындығын бірден білдіріңіз.
Ұрса, сүйгені. Ол жай ғана қолдарыңызды сүйкеп өтуі мүмкін.
Сізге қаратып айтылған қошемет сөздерге мән беріңіз. Өзінің шынайы ықыласын, сіздегі өзгерістерді байқауымен білдіруге тырысады. Мысалы, «Бүгін әдемі болып тұрсың», «Мына шаш үлгісі саған жарасады екен», «Көйлегің әдемі екен» сынды қошемет сөздер айтады. Әдетте жігіттер өзгерістерді байқай бермейді, байқаса да айтпайды.
- Қошемет сөздерді күнде бірге жүрген досыңыз да айтуы мүмкін. Алайда оны өзіңізге ғашық екен деп ойлап қалмаңыз.
Ол әлеуметтік желілерде де тіл табысуға тырысады. Бұл жерде де уақытын өткізе алмай отырған адам мен ғашық жігітті шатастырмай, сізге үздіксіз жазған жігіттің әрекетін дұрыс бағалаңыз;
- Әр сөйлемнің соңында «)» белгісін қою арқылы сізбен сөйлесіп отырғанына қуанышты екенін білдіреді;
- Ол сізге "Мен сен білмейтін бір құпияны білемін" деп қалжыңдауы мүмкін. Алайда бұл жерде де контекске мән беріңіз. Ол жай ғана жаңалықпен бөліскісі келген болар.
- Онымен күтпеген жерлерде кездесіп қала бересіз бе? Бұрын-соңды көрмеген жерлерден кездестіре бастадыңыз ба? Мүмкін ол әдейі келген шығар;
Оның ықыласына жауап қайтарыңыз. Сізбен жолығып қалған сәтте жылы жауап қайтарып, сыпайы сөйлесуге тырысыңыз. Ал егер ол жігіт ұнамаса, адалдық танытып, бірден білдіріңіз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: vk.com желісінен
Қ. Бүйенбай