- Негізгі бет
- Психология
- Ол неге хабарласпайды?...
Ол неге хабарласпайды?
Кездескенде, ол сізді ұнатқандай болғанымен, хабарласпай қойды. Бұл жайында психологтар не дейді?
Психологтардың айтуынша, әр адам әртүрлі, сондықтан асығыс шешім шығаруға асықпаңыз. Десе де адам жанының зерттеушілері "Ол не үшін хабарласпайды?" деген сұраққа жауап іздеп көріпті. Оның бірнеше себебі бар екен.
- Хабарласқысы келмейді. Ол сізді қыз ретінде ұнатпаған, ойларыңыз қайшы келген болуы ғажап емес. Немесе жай ғана сіз ол іздеген адам емессіз. Ол осы кездесуден соң, көп өтпей-ақ сіз туралы ұмытып кетеді. Сондықтан кездесу кезіндегі жылы көзқарасына қарап, махаббат пен қарым-қатынас туралы ойлаудан аулақ болыңыз.
- 3 күн ережесі. Алғашқы кездесуден соң 3 күн бойы хабарласпау ережесін ұстанып, асықпай ойланғысы келген болуы мүмкін. Сондықтан 3 күн күтіңіз... Алғашқы болып телефон шалуға тырыспаңыз.
- Ерлер ойыны. Ол сізбен "кім бірінші хабарласар екен?" деген ойын ойнап жүр. Бұл ойынға қатысу, қатыспау - өз құзырыңызда. Ойын ережесі бойынша, кім бірінші хабарласса, сол адам қарым-қатынаста бағынышты, әлсіз... Ұмытпаңыз! Жігіттер бірінші болып қадам жасауы тиіс!
- Тұрмыстық мәселелерге байланысты хабарсыз. Ақшасы жоқ, телефонын ұрлап кетті, нөміріңізді жоғалтып алды... Бұл жағдайда "қуған жетпейді, бұйырған кетпейді" деген сөзді ұстаныңыз. Күндердің күнінде ойы бар адам сізді қай жерде жүрсеңіз де, тауып алады.
- Ол телефонмен сөйлескісі келмейді, бетпе-бет кездесуді құп көреді. Анда-санда бір хабарласса да, сізге тек қыз ғана емес, болашақ жары ретінде қарайтын жігіттер де бар. Бірақ оның дәл осы жігіттердің қатарынан екенін бірнеше кездесуден кейін түсінесіз.
Оқи отырыңыз:
Сізді ғана сүйетін жігіт қандай болады?
Нағыз жігіт қандай болуы керек?
Сурет: flickr.com
Р. Роза