Қыз бен жігіт бірін-бірі қатты жақсы көргенде жоқ жерден қызғаныш сезімі тұтанып кететіндігі қалыпты жағдай. Мұндайда жігіттер қауымының психологиясын түсіну нәзік жандыларымызға қиын соғып жатады. Жігіттердің көбісі ішкі сырларымен ойларын сыртқа шығара бермейді. Кейде сүйіктісін ренжітпеу үшін болған жағдайларды басқаша етіп жеткізуі немесе ойлағанын жасырып қалуы мүмкін. Жалған сөйлеп әдеттенбеген бегзадаларымыздың жүзінен ол айқын көрініп тұрады. Алайда, сонысы үшін оны сүймейді екен деп түсіну қателік. Жігітті түсінгіңіз келсе, алдымен өзіңізге деген қарым-қатынасынан көп жайтты аңғара білгеніңіз жөн. Оның әрекеттерін мұқият қадағалап, содан кейін барып шешіп қабылдаңыз.
Егер оған ұнасаңыз...
•Жиі телефон шалады;
•Кездесуге түрлі себептер ойлап табады;
•Сіз сөйлегенде мұқият тыңдайды;
•Жүзіңізге ұзақ қараумен болады;
•Серуендеуге шақырып, жеке қалуға тырысады;
Ол сүйсе...
•Сізді ата-анасымен немесе туыстарымен таныстырады;
•Достарымен жақын араластырады;
•Әр нәрсені себеп қылып жиі хабарласады;
•Барлық бос уақытын сізбен бірге өткізуге тырысады;
•Сіз үшін өзіне қажетті кездесулерді кейінге шегереді;
Жігіттің сізбен ұзақ кездескісі келмейді....
Кейбір жігіттер қыздарын жиі ауыстырады. Бастапқыда жалт-жұлт еткен сезім ұшқыны болып, ұнатқан сияқты көрінгенімен, кейін одан жалыға бастайды. Мұндайда түрлі сылтаулар тауып, кездесуден қашқақтайды. Оның тарапынан төмендегі сылтаулар айтылса, сізге деген сезімі суыды дей беріңіз...
•Қандайда бір шұғыл жағдайлардың себебінен кездесе алмайтындығы жиілеп кетсе;
•Сізбен өзге қыздар жайлы әңгіме қозғап, бұрынғы қызымен салыстыра бастаса;
•Сіздің әңгімеңізді тыңдағысы келмесе;
•Өз мәселелері туралы бұрынғыдай сізге айтқысы келмесе;
•Көзіңізше өзге қыздарға көз сала бастаса;
•Телефон шалуды доғарса және сіздің қоңырауларыңызға жауап бермесе;
Әрине, бұл тек қана психолог мамандарымыздың нәзік жанды аруларымызға ұсынған кеңестері ғана, ал соңғы шешімді қабылдау өзіңіздің ғана құзырыңызда! Сүйіңіздер және сүйікті бола біліңіздер!
Суреттер: kotofot.ru,artleo.com
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева