- Негізгі бет
- Психология
- Ол басқа хат...
Ол басқа хат күтіп отыр...
Махаббатта ешқашан күту болмайды. Ол – сен көз жазып қалған сәтте басылып кеткен Delete батырмасы сияқты.
1- минутта ол SMS хабарламамды көріп отыр деп ойлайсың;
2-минутта ол саған хабарлама қайтарып жатыр дейсің;
3-минутта SMS келді ме деп қалтафонға қарайсың;
4-минутта ол неге ақырын жазып жатыр деп ойлайсың;
5-минутта ол көрмей қалды ма деп өзіңді жұбатасың;
6-минутта қалтафоныңды жауып, көргенде қайтарар деп ойлайсың;
7-минутта қайта хабарлама жазасың, бірақ, өшіріп тастайсың;
8-минутта экран бетіне қайта-қайта қарайсың, ұзақ күткендей боласың;
9-минутта көңілсіз болып қаласың, қайтармайтын болды деп ойлайсың;
10-минутта оның хабарламасын қаншама күтіп, аңсайсың...
20-минутта ақыры оған тағы бір хабарлама жазасың;
30-минутта көңілің су сепкендей басылады...
40-минут... 50-минут... Бір сағаттан соң, күдеріңді үзесің. Бірнеше сағат өтіп кетті. Үміттеніп қолфонға қарайсың. Одан хабарлама келіпті. Хатта: «Саған не болды?» деген сөздер тұрды. Жүрегің оттай маздап, әлгіндегі көңілсіздік жоғалып кетті. Енді оған қалай жауап береріңді білмей, басың қатады. Ол тағы хабарлама жазды. Сен жауап қайтармадың. Өзіңді кешіре алмайтындай, «Осыншама күткенің бір хабарлама еді ғой» деп кінәлайсың. Оған да күткеннің дәмін татқызуды ойлайсың, бірақ, төзімің жетпейді.
Төзімің жетпеді дегеннен көрі қайтармай қоймайсың деу дұрыс. Хабарлама жібердің. Тағы да сарыла күту...
Ешкім де сенің іздеуіңе татымайды. Ешкім де сенің күтуіңе, ұлы махаббатыңа тең келе алмайды. Егер оның қарбалас екенін білсең, оны мазалама. Егер ол қарбалас болмаса, бірақ ұзақ уақыт жауап жазбаса...
Оның сені көңіліне алмайтыны өзіңе аян... Ол сонша асықпай қайтарса, сен асығып жауап жазып қайтесің?! Асықпай қайтарғаныңа бола, ол саған хабарлама қайтармай қояды деп қорықпа. Сені сүйетін адам, қанша қарбалас болса да, саған жауап береді. Сені сүйетін адам сені іздетпей-ақ өзі сені ойлайды. Көрмей қалдым, қарбаласпын деген сылтаулар сені сүймейтінінің белгісі. Өзің біреуді сүйгенде, оны таба алмай қалмасын деп алаңдайсың, ал ол неге саған алаңдамайды. Жауап осы. Кез келген уақытта жауап қайтаратын адам, сені сүйетін адам. Мейлі сүйгенің болсын, досың болсын, көзіңді жұмып ойлап көр.
Осындай адамдар бар ма айналаңда? Онда оларды құрметте! Өйткені, оның көңілінде сен барсың, уақытыңды сен елемейтін адамды күтіп өткізгенше, артыңа бұрылып, өзіңді сүйетін адамдарға назар сал!
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: nicpic.com
M. Auelkhan