- Негізгі бет
- Психология
- Оқушыларына тапсырма беріп,...
Оқушыларына тапсырма беріп, танымал тұлғаға айналған мұғалімнің кеңестері
Италия теңіз жағалауының бойында орналасқан Фермо қалашығындағы Polo Scolastico Paritario Don Bosco мектебінің мұғалімі Чезаре Ката (Cesare Catа) оқушыларына жазғы демалыста орындап келетін 15 тапсырма беріп, әлеуметтік желілерде танымалға айналды.
Чезаре Катаның жазғы демалыста оқушыларға берген үй тапсырмасы мынадай:
1. Таңертең жағажайда жалғыз серуендеп, күн сәулесіне қарап, сізді не бақытты ететіні туралы ойланыңыз.
2. Биыл біз үйренген жаңа сөздерді қолдануға тырысыңыз. Неғұрлым көп айта алсаңыз, соғұрлым қызықты болады. Сізде қанша идея болса, соғұрлым еркін боласыз.
3. Оқыңыз! Қанша көп оқысаңыз сонша жақсы. Себебі жаз - бұл арман мен шытырман оқиғалар, ал оқу – ұшу сияқты. Оқыңыз, өйткені оқу бүліктің ең жақсы түрі (дәл нені оқу керектігі туралы кеңес алу үшін маған келіңіз).
4. Жағымсыз және бос сезінетін барлық нәрселерден (жағдайлар мен адамдардан) аулақ болыңыз. Сізді байыта түсетін, сіздің бар екеніңізді сезінетін шабыт пен достар іздеңіз.
5. Егер өзіңізде күйзеліс пен мазасыздықты сезінсеңіз уайымдамаңыз: жаз кез-келген басқа маусымдар сияқты алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Күнделік жазыңыз, өзіңізді қалай сезінетіндігіңізді баяндаңыз ( егер қаласаңыз қыркүйекте бәріміз бірге оқимыз).
6. Би билеп, ештеңеден ұялмаңыз. Барлық жерде: би алаңында болсын, бөлмеңізде болсын. Жаз – бұл би, оған қатыспау ақымақтық.
7. Тым болмағанда күннің шығуын бір рет қарсы алыңыз. Сабырлы боп, терең дем алып және көзіңізді жұмып мына дүниенің табиғи дыбыстарын тыңдаңыз.
8. Спортпен көбірек айналысыңыз.
9. Жақсы көретін адамды кездестіргенде, оған сезіміңізді әдемі һәм сенімді түрде жеткізіңіз. Ол сізді түсінбейді деп қорықпаңыз. Егер ештеңе шықпаса, бұл тағдыр емес. Егер түсініп, жауап берсе, жазды бірге өткізесіз және бұл алтын ғасырға айналады. (Сәтсіз болған жағдайда 8 тапсырмаға қайта оралыңыз).
10. Сабақты қайта қарастырыңыз: оқығанды өміріңізде болып жатқан оқиғалармен салыстырыңыз.
11. Күн нұры сияқты бақытты, теңіз сияқты еркін болыңыз.
12. Өтініш, ешқашан жанжалдаспаңыз. Үнемі мейірімді һәм кешірімді болыңыз.
13. Ағылшын тілін бір уақытта жақсарту, сезіну және армандау үшін эмоционалды диалогтармен жақсы фильмдерді (мүмкін болса, ағылшын тілінде) көріңіз. Фильм сіз үшін соңғы титрмен аяқталуы керек емес. Оны қайта-қайта сұрыптап, қорытынды жасаңыз. Мұны осы жаздың тәжірибесіне қосыңыз.
14. Жаз – тамаша маусым. Таңертеңгі күн нұрын және жаздың жарқыраған түнінде өмір қандай болу керек екендігі туралы армандаңыз. Арманыңызға жету жолында шегінбеу үшін барынша әрекет етіңіз.
15. Жақсы адам болыңыз!
Т. Раушанұлы