Бес алмағаны үшін ұрысып, кейде жазалайтын ата-ана бар. Өйткені олар үшін бағаның маңызы зор. Бестік баға үздік дегенді білдіреді, демек болашағы да жарқын болады деп үміттенеді. Ал үш алса, биіктерді бағындыра алатынынан күмәнмен қарай бастайды. Егер ата-анаңыздың бойынан соны байқасаңыз, мына мысалдарды айтып көріңіз.
1-мысал. Білімге баға қойылмайды, ол адамды дамытуы тиіс.
Бірінші болып білім адамды дамытып, жетілдіруі тиіс екенін айтқандардың бірі ұлы ұстаздардың бірі Песталоцци болатын. Оның ойы бойынша, мектеп жан-жақты болуы тиіс. Ол бала өмірінің барлық бөлігіне әсер етуі керек. Мысалы, бастауыш сыныпта ана тілі, жазу, есеп, сурат салу мен гимнастика болуы міндетті. Мұғалім баланы айналаға зер салып қарауға, үйренгенін қолдануға үйретіп барып, келесі кезеңге өтуі тиіс дейді. Песталоцци тек сөйлеуі мен ойды жеткізуіне қарап баланы бағалауға болмайтынын айтады.
2-мысал. Махаббат пен сыйластық — нәтиже
Песталоццидің болжамы бойынша махаббат білімнің негізгі тірегі. Алдымен ол анадан балаға, кейін баладан әлемге, жануарларға, қоршаған орта мен табиғатқа беріледі.
Жақсы көріп, бағалайтын ортада өскен бала әрқашан жаңа нәрсе үйренуге ашық болады. Бала кезінен жаңа нәрсеге жақын болады. Мектептегі нашар баға болашақта оның дамуына кері әсерін тигізбейді.
Отбасыдан басталған дұрыс тәрбие ғана баланың тұлға болып қалыптасуына себепші болады. "Баланың өмірге келген сағаты — оның білімінің алғашқы сағаты" — дейді Песталоцци отбасылық тәрбиенің құндылығы жөнінде.
3-мысал. Барлық бала әртүрлі
Оқығанды жаны сүйетін балалар бар, арасында футбол ойнап, доп қуалағанды жақсы көретін балалар да болады. Одан бөлек, суретті жақсы салатын, шығармашылыққа жақын балалар да болады. Оларды қалай салыстыруға болады? Суретке жаны жақын баланы марафонда соңғы орын алғаны үшін сөгуге болмайды, ал спортқа жақын бала әдебиетке жақын болмаса оған ұрыспау керек. Ата- ана баланың неге қабілетті екенін аңғарк керек.
Песталоцци білімді баланың қызығушылығына сай беру керек дейді. Ал ата-ана көбіне ересектер нені дұрыс деп шешеді, сол бойынша білім беруге тырысады. Ең үлкен қателік, ата-ана баланың тілдерді үйренуге қабілеті барын біле тұра, нашар білетін жаққа қарай назар аударады. Мысалы, математикадан қосымша сабаққа апарады. Дұрысы — баланың қабілеті неге бар, соған көбірек көңіл бөліп, дамытуға тырысу.