Реніш – іштегі біреуге деген өкпе, наразылық. Реніш– сыртқа шықпай қалған ашу. Ұсақ-түйекке бола тез ренжисің бе? Бұл әдеттен тез арада арылу керек. Себебі, іштегі ашу депрессияға түсіріп, ауруға шалдықтыруы әбден мүмкін. Реніш ұзаққа созылса, уайым болып кетуі де ғажап емес. Пендешілік жүрген жерде өкпе-реніштің жүруі заңдылық. Сол үшін де ішкі сезімдерді бақылап, неге ренжігенің жөнінде өзіңе есеп беріп отырғаның жөн. кез келген дүниеге кешіріммен қараған адамдар ұзақ жасайды. Адам мен адам арасындағы жетіспейтін дүние – мейірім.
Өмір бойы мейірім мен қамқорлықты өнеге еткен Тереза ананың өсиетіне зер салайық:
1. Адам баласы ақылсыз,надан,жеке басын ғана ойлайтын дүниеқоңыз болады. Сонда да оларды кешіре біл.
2. Адамға жақсылық жасасаң да, оған жақпауың әбден мүмкін.Сонда да жақсылық жаса.
3. Еңбегіңнің жемісін жеп, қуанған кезіңде нағыз дұшпандар да, жалған достар да болуы мүмкін. Ешкім қолдамаса да, еңбектен, талаптан.
4. Адам баласымен шынайы, әрі ашық қарым-қатынаста болсаң, сені алдап кетуі әбден мүмкін. Сонда да шынайы, әрі ақ көңіліңмен аралас.
5. Талай жылдар бойы еңбектеніп салған мұнараңды біреу бір-ақкүнде тас-талқанын шығарып қиратуы мүмкін. Сонда да мақсатқа жетуді көзде.
6. Сен бақытқа қол жеткізсең, біреу саған қызғанышпен қарайды. Сонда да бақытты болуға тырыс.
7. Бүгінгі жақсылығыңды халық ертең ұмытуы мүмкін. Сонда да жақсылық жасаудан аянба.
8. Ғаламға ізгілік жаса. Қолда барыңды елге сыйлай біл.