Непал – таңғажайып мемлекет. Ал, аталған елдің қарияларының өмірге деген көзқарасы өзгеше. Олар материя қасиетін ментальды энергияның көмегімен өзгертетіндігіне сенімді. Яғни, сіз позитивті ойлайтын болсаңыз, айналаңыздағының барлығы үйлесімділікке ие болатындығын айтады. Непалдық даналар «Өмірдің мәні не?» деген мәңгілік сұрақтың жауабын тапты. Және ол сұрақтың жауабын барлығымыз да табу үшін төмендегі 32 кеңесті оқып шығудың өзі жеткілікті екендігін айтады.
1. Жылдам ойлап, асықпай сөйле.
2. Адамға туған-туысқандарына қарап баға берме.
3. «Мен сені сүйемін» деген сөзді айтқан кезде шындықты айт!
4. «Мен өкінемін» деген сөздерді айтқан кезде адамның көзіне тік қара.
5. Біреудің арманына, түсіне еш уақытта күлме.
6. Адамдарға күткенінен артық көмектес. Және мұны шын жүректен жаса.
7. Сүйікті өлеңдеріңді жатқа біл.
8. Естігендеріңнің бәріне сене берме, қолыңда бардың барлығын жұмса, ұйқың қанғанша оянба.
9. Ұлы махаббат пен жетістік нар тәуекелді талап етеді.
10. Сүрінген сәттерден сабақ алып үйрен.
11. Барлық ісің үшін жауап бер. Өзіңді және өзгелерді құрметте.
12. Кішігірім кикілжіңге бола досыңды жоғалтпа.
13. Қателікті байқаудың орнына тезірек түзетуге тырыс.
14. Күніне бір рет жалғыз қал.
15. Айырбасқа дайын бол, бірақ, еш уақытта малды босқа шашпа.
16. Кейде үнсіздік – жақсы жауап.
17. Көбірек кітап оқы.
18. Өзіңнен де мықты құдіреттің бар екеніне сен.
19. Сүйіктіңмен сөз таластырған кезде нақты ситуацияны ғана талда. Өткен өмірді сөзге араластырма.
20. Мәтінді толық оқу шарт емес. Мағынасын түсінсең болғаны.
21. Біліміңді балалармен бөліс. Бұл - мәңгілік өмірге қол жеткізудің жолы.
22. Жер Ананы аяла. Қоқысты көрінген жерге тастама.
23. Жағымпазданушының сөзін бөлме.
24. Өзгенің ісіне араласып, пайдасыз кеңестер берме.
25. Көзін ашып тұрып ерніңнен сүйген жанға еш уақытта сенбе.
26. Жылына бір рет бұрын-соңды бармаған жерге бар.
27. Егер артық мөлшерде ақша тапсаң, оны өзгелерге көмектесу үшін жұмса.
28. Есіңде болсын! Кейде қалағаныңды алмау арқылы жолың болатын сәттер бар.
29. Дәрігерлерді тыңда, бірақ, кейбір тыйымдарынан бас тарта біл.
30. Табысыңды оған жету жолында нені құрбан еткендігің арқылы бағала.
31. Сенің «менің» - саяхатыңның соңғы нүктесі.
32. Махаббат пен тағам дайындауда ешкімнің кеңесіне құлақ аспа. Барлығын өзің шеш. Және адам баласының байлығы - отбасы екенін ұмытпа!
«Сенің «менің» - саяхатыңның соңғы нүктесі» деген сөздердің астарында терең ой жатыр. Әлем біздің санамызда өмір сүреді. Жамандық пен жақсылық деген ұғым жоқ, тек позитив пен негатив бар. Өзіңізді жағымсыз эмоция мен күдіктен аулақ ұстап, үнемі позитивті атмосферада болуға тырысыңыз. Сүлулық пен үйлесімділіктің, денсаулықтың құпиясы да осыда.
Ал Сіз непалдық даналардың тізімін немен толықтырар едіңіз? Мүмкін арасында келіспейтін кеңестер де бар шығар?
Сурет: rumbur.ru