Мақсаттарыңыз жиі іске аса ма?
Көптеген адам мақсат белгілеп, соған қарай бағытталып, жарты жолда қызығушылығын жоғалтып, артқа қайтып жатады.
Бастаған істі аяғына дейін жеткізу қабілеті барлық адамға тән емес. Оның кесірінен біз жылдап өз дегенімізге жете алмай жүреміз.
Жеке мақсат дегеніміз не?
Олар әр адамда әртүрлі болып келеді: артық салмақтан арылу, шет тілін меңгеру, компьютер ойынын жасау, домбырада ойнап үйрену, спортпен шұғылдану, кітап жазу, күнде таңертең жүгіру, саяхаттау, фотограф болу, бизнес ашу, блог жүргізу сияқты мақсаттар жеке деп аталады.
Осындай жеке мақсат қойған соң, оны көп адам жақындарына, әріптестеріне, достарына айтып, бөліседі:
– Айтпақшы, мен кітап жазайын деп жатырмын;
– Мен жеке кәсіп ашайын деп жатырмын;
– Достарымызбен компьютер ойынын жасап жатырмыз, т.б.
Осылай мақсатымызбен бөліскенде, 95 пайыз адам ісін аяқтамай тастайды. Мақсатқа қызығушылық сөніп, оған жету жолы ұзарып кеткендей сезім туады.Ал ешкімге айтпаған мақсаттарыңыз жиі орындалады.
Неліктен біз мақсаттарымызды біреуге айтамыз?
Сезімдер қатарында "өз-өзін идентификациялау", "бүтіндік" деген терминдер бар. Осы екі сезім бізді мақсаттарымызды өзгелерге айтуға итермелейді.
Кез келген адам мінсіз болуды қалайды. Бірақ "мен бүйтемін, сүйтемін" деген "мәлімдемелер" өзіміздің өмірдегі рөлімізді анықтау үшін ғана керек: "мен юристпін", "мен экономистпін", "мен жазушымын", "мен суретшімін", т.б.
Ойша мақсатқа жету сөзбен жеткеннен мың есе қымбат. Себебі елге мақсатыңызды айтқан соң оны орындау сіз үшін ендігәрі мақсат, арман емес ауыр жүк болады. Ал ешкімге айтылмаған мақсат өзіне уақытымен, ақырындап, жоспар бойынша жеткізеді.
Осыны жадыңызға сақтаңыз, іске сәт!
Сурет: ©Инна Иноземцева
Ұқсас жазбалар:
Мақсатқа жету жолында
Мақсатқа жету неліктен қиын?
Сен кімсің?
Кез келген жағдайда пайдаға асатын кеңестер