Қазіргі қоғамда барлығы тез болатыны белгілі. Уақыт тез өтеді деген сөзге ілесіп адамдар да арпалыса түседі. Дәл осы негіздің арқасында адамдардың қарым-қатынасы да ұзаққа созылмайтын болды. Яғни, қыз бен жігіт кездессе, көбінің тұжырымы бойынша «көпке бармайды».
Расында да, нәтижесінде солай болып шығады. Неліктен? Неге қыз бен жігіт арасындағы қызығушылық тез өшеді?
1. Себебі, біз қорқамыз.
Мыңдаған фильм сюжеттері, роман оқиғаларының баяндауының нәтижесінде көптеген адамдар «махаббат ауыр тиеді», «махаббаттың артында қайғы болады», «сүйгенің сені тастап кетуі мүмкін» секілді көптеген ұстанымдарды жұқтырып алды. Расында да, бір қарым-қатынасты бастау алдында адам ойына неше түрлі күмәнді ойлар келеді. Кім өзін тастап кеткенді қалайды? Әрине, ешкім. Сол себепті біздің сезімдеріміздің ғұмыры тым қысқа болады.
Тіпті, кейбір адамдар еш себепсіз өздері кітапты жабуға тәуекел етеді. Себебін түсіндірмей, сүйгенін тастап кетеді. Бұл әрекеттің себебі «бірінші болып тастап үлгеру» дегенде жатыр.
2. «Уақыты келген жоқ».
Махаббатың уақыты қашан келеді? Бір адаммен жұп құраудың нақты уақыты қашан? Бізде бұл сұрақтарға жауап бар: «кезі келді» деген уақыт жоқ.
Әрине, үйленудің кезі мейлінше жағдайды реттеп алғаннан кейін келгені дұрыс. Ал танысып, білісудің нақты мерзімі тек өзіңізге байланысты.
Кейбір адамдар жоғарыда аталған қорқыныштың әсерінен «уақыты келген жоқ» деп тұра қашады. Шыны керек, махаббат әдетте сіз дайын емес кезде келеді.
Тіпті, сіз оның не екенін түсінуге, оны қабылдауға дайын емес кезде келетіні де ғажап емес.
3. «Ол мен үшін тым жақсы».
Махаббатта бәрі тең. Осы қағиданы есіңізден шығармаңыз. Мейлі, оның жағдайы сіздікінен жоғары болсын, мейлі ол әдемі болсын, мейлі ол табысты болсын. Егер сіздің ойыңызша «тым жақсы» адам сізбен бірге болуды шешсе, солай болуы тиіс. Сізге еш нәрсе «қарызға» берілмейді.
Сол секілді «мен ол үшін тым жақсымын» дегендер де бар. Бұлай қателеспегеніңіз жөн. Өзін керемет санайтын адам жалғыз өмір кешуі ғажап емес. Әрине, өзіңізді жақсы көруіңіз керек. Мұны өзін өзгелерден артық сезінумен шатастыруға болмайды.
4. Соңғы, әрі басты себеп.
Біз үнемі мінсіз адамды іздеумен боламыз. Ал ол адам жер бетінде бар ма? Бар болса да, сондай адаммен тұра аласыз ба?
Сурет: ©Данияр Шаймергенов
Оқи отырыңыз:
Сүйіктіңіздің сезімі шынайы ма?
Болашақ жарым қандай болуы керек?
Болашақ жарым қандай болуы керек? #2
Болашақ жарым қандай болуы керек? #3