- Негізгі бет
- Психология
- Неліктен біз күзде...
Неліктен біз күзде салмақ қосамыз?
Жылдың суық мерзімінде көпшілік калориялы тамақты әдеттегіден көбірек жейді, сондықтан да артық салмақ қосып алады. Ағзаға тек суық емес, әлеуметтік және психологиялық факторлар да әсер етеді. Бірақ олардың барлығын жеңуге болады. Ендеше, неліктен кей адамдар күн суи бастағанда салмақ қосуға бейім?
Көлемді киім
Суық мерзімде артық салмақ қосуымыздың бір себебі — көлемді киім. Үстімізге жылы свитер, көлемді күртке немесе ұзын пальто киіп алған кезде өз дене пішінімізді объективті түрде бағалау қиындау. Дене пішініңіз көп қабатты киімнен көрінбейді. Сондықтан күзде және қыста өлшеніп тұруды ұмытпаңыз және үйде айнаға қарап тексеріп жүріңіз. Осылайша, өз-өзіңізді ұстай аласыз және тамақтануды қадағалауды бастау керек па, жоқ па екенін түсінесіз.
Белсенділіктің азаюы
Суық мерзімде далада жүргеннен гөрі үйде отырған жағымдырақ екенін білеміз. Бірақ бұл үйде ештеңе істемей жата беру керек деген сөз емес. Егер артық салмақ қосып алғыңыз келмесе, күзгі кештерде физикалық белсенділікпен айналысуға тырысыңыз. Мысалы, саябақта серуендеңіз, йогамен айналысыңыз немесе үйде жаттығу жасаңыз.
Күзгі хандра
Күн қысқарып, салқындай бастағанда көпшілік жабырқаңқы жағдайға түседі. Бұл табиғи нәрсе. Себебі күндізгі жарықсыз біздің миымызда бақыт гормоны аз бөлінеді. Бұл кезде көпшілік тәтті және калориялы бірдеңе жеу арқылы көңіл күйін көтереді. Әрине, тәтті тамаққа мүлдем тыйым салудың қажеті жоқ. Өзімізді жақсы сезіну үшін ол шынымен де бізге керек. Бірақ оны үнемі көңіл күйді жақсарту үшін пайдалану дұрыс емес. Егер өзіңіз де мұны түсініп жүрсеңіз, өміріңізде бірдеңені өзгертетін уақыт келді деген сөз.
Жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысының өзгеруі
Күзде және қыста жүрек-қан тамырлар аурулары асқынады. Ол тек температуралық режиммен емес, сондай-ақ зат алмасудың және жалпы ағзаның қайта құрылуымен байланысты. Қауіпті аурулардың даму қаупін азайту үшін және олардың жағымсыз салдарларының алдын алу үшін рационыңызды және ағзадағы дәрумендер деңгейін бақылаңыз. Егер ағзаңыз дұрыс жұмыс істесе, майлы тамақты көп жегіңіз келмейді.
"Ала тышқан түйсігі"
Массачусетс университеті диетологтарының зерттеуі бойынша, адамдарда әлі күнге дейін "ала тышқан түйсігі" сақталған: Аштық немесе қатты суыққа май қорын жинау үшін күзде және қыста санасыз түрде әдеттегіден көбірек калория тұтынғыңыз келеді. Егер өзіңізден осындай әрекет байқасаңыз, суық мерзімде ақуызға және пайдалы майларға бай құнарлы тамақтар жеуге тырысыңыз. Мұндай тамақпен ұзаққа дейін тоқ жүресіз, күшіңізді сақтайсыз және ол ішке май жинатпайды. Ал фастфуд, тәттілер және жартылай дайын өнімдер мөлшерін азайтуға тырысыңыз.