Қоғамда көңілдес - материалдық пайда алу үшін үйленген еркекпен қарым-қатынасқа түсетін арам ойлы және тартымды әйел деген стереотип бар. Алайда әдемі және табысты әйелдің мұндай қарым-қатынасқа келісуінің себептері көп. Heroine.ru порталы әйелдердің үйленген ер адамдармен қарым-қатынасқа түсуінің жиі кездесетін себептерін атап өтті.
Басқалардың есебінен өзін дәлелдегісі келу
Үйленген ер адаммен қарым-қатынасқа түсетін кей әйелдер алданып қалған әйелінің есебінен өзін дәлелдегісі келеді. Жиі мұндай әрекетке өзін-өзі бағлауы төмен қыздар барады және олар оны арттырудың басқа амалын таба алмайды.
Оған қоса, өзіне деген сенімсіздік және онымен қалай күресу керегін білмеу әйелді қайта-қайта бір қателік жіберуге итермелейді. Көңілдес әйел бір уақытта өзін сенімді сезінсе де, ерте ме кеш пе толыққанды емес қарым-қатынас оған ләззат сыйламайды.
Жалғыздық қорқынышы
Кей әйелдер жалғыздықтан қатты қорыққандықтан, үйленген ер адаммен қарым-қатынасқа барады. Олардың өз серігіне тіпті жылы сезімі болмауы мүмкін, бірақ жалғыз қалудан қорқатыны соншалық, ер адамнан қандай болса да бір жағымды қасиетін көруге тырысады. Бұл жағдайда әйел көңілдес болуға ғана емес, оның тарапынан болатын психологиялық та, физикалық та зорлыққа шыдауы мүмкін.
Бауыр басып қалу жарақаты
Психологияда бауыр басып қалу деп адамның басқа адаммен ұзақ және рухани бай қарым-қатынас құра алу қабілетін айтады. Бірақ кей жағдайда адамда бауыр басып қалу жарақаты дамуы мүмкін. Бұл кезде адам берік қарым-қатынас құруға қорқады.
Бұл психологяилық ауытқу көбіне балалық кезде пайда болады. Мысалы, бала ата-анасының махаббаты мен жылулығын сезбей өседі. Ал өскен кезде оған басқалармен қалай сау және ұзақ мерзімді қарым-қатынас құру керегін түсіну қиын болуы мүмкін.
Бәсекелесу әдеті
Әйелдің көңілдес болуға келісуінің тағы бір себебі - оған бәсекелесу ұнайды. Кей адамдар үшін олардың жеңісі әрқашан басқаның жеңілісімен байланысты. Бұл жағдайда үйленген ер адаммен қарым-қатынас - ол үшін оның әйелімен "жарысу". Алайда егер ер адам отбасын бұзып, көңілдесімен толыққанды қарым-қатынас жасағысы келсе, бұл әйелдің оған деген қызығушылығы жоғалады.
Өзіне жауапкершілік алғысы келмеу
Үйленген ер адаммен қарым-қатынасқа түскен әйел оған барлық уақыты мен ойларын арнауға міндетті емес екенін түсінеді. Көңілдесімен кездесу үнемі романтикалық атмосферада өтеді және оларға тұрмыстық проблемаларды бірге шешу керек болмайды. Мұндай сценарий өзіне жауапкершілік алуға қорқатын адамдарға керемет көрінуі мүмкін.
Бұрынғы серігінің сатқындық жасауы
Әйелді отбасысы бар ер адаммен қарым-қатынас құруға бұрынғы серігінің сатып кетуі итермелеуі мүмкін. Бұл жағдайда ол көңілдес рөлінде болу арқылы бұрынғы жігіті барған қыздың орнында болып көргісі келуі мүмкін. Алайда кек алу мақсатында құрылған қарым-қатынас жақсылыққа әкелмейді. Оған қоса, одан бірнеше ересек пен балалар зардап шегуі мүмкін.
Жағымсыз отбасылық сценарий
Психологтардың ойынша, әйелдің көңілдес болуы - бала кезде бастау алатын ұзақ процесс. Әйелі бар ер адаммен жиі толық емес, тұрмысы нашар немесе токсик отбасыдан шыққан қыздар қарым-қатынас құрады.