Әйелдерде не үшін өкіну сезімі өте оңай пайда болады?
Бас құрап біраз уақыт өткеннен кейін, ерлі-зайыпты екі жақ өз жұбының бас құраудан бұрынғы ойлағандарына ұқсамайтындығын, әуелі айырмашылықтың жер мен көктей болатынын байқайды. Сонымен оларды өкініш сезімі билей бастайды. Неке тұрмысын зерттейтін мамандардың қарауынша, бас құрағаннан кейін оңай өкініш сезімі болатындар көбінде әйелдер қауымы екен. Әсіресе төмендегі бірнеше түрдегі әйелдерде бас құрағаннан кейін өкініш сезімі менмұндалай бастайтын көрінеді.
Бірінші: мінсіздікті жақсы көретін әйелдер, әрқандай адам бірер іс істесе істеген ісінің мінсіз болуын ойлайды, бірақ, әдетте бүкілдей мінсіз іс болуы мүмкін емес, сөйте тұра әйелдер өз жолдасының көңіліндегідей мінсіз адам болуын үміт етеді, сол себептен жолдасының азғантай кемшілігін байқады бітті - онымен бас құрағанына өкінеді.
Екінші: жолдасын басқа еркектермен салыстыра қарауды ұнататындар, кейбір әйелдер бас құрағаннан кейін әрдайым өз жолдасын қызметтесі немесе сыныптастарымен, достарының жолдастарымен салыстырады. Салыстыру барысында тек басқалардың жолдасының артықшылықтарын ғана көреді, өз жолдасының артықшылықтарын мүлдем көрмейді. Сонымен, оларда үмітсіздену, өкіну сезімі пайда болады.
Үшінші: өзін ерек санайтын әйелдер. Кейбір әйелдер көп жағдайда өзінің кейбір жақтағы артықшылықтарын өз жолдасының кемшіліктерімен салыстырады. Сонымен өзін жолдасынан басым есептеп, қашанда жолдасына «Өктем назарда қарау» күйі болады. Егер жолдасы намысшыл әрі өз көзқарасында бекем тұратын еркек болып, әйелінің өзімшілдігін қабылдай алмай қалса, ол әйел сол сәттің өзінд-ақ қорлық көргендей болады әрі "осындай еркекпен бас құрап обалды болғанымـай" деп ойлайды.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: mmstw.com