- Негізгі бет
- Психология
- Неге қыздар әкесіне...
Неге қыздар әкесіне жақын?
Егер ер азаматтар арасында «Ұл немесе қыз?» деген сауалнама жүргізсек, басым көпшілігі өзіне мұрагер боларлық «ұл» деп жауап қатары сөзсіз. Әсіресе, бұл түркі елдері мен шығыс Азия елдерінде жиі сұранысқа ие. Дегенмен, ер азаматтар ұлды қалағанымен, қыздарына деген махаббаты басым келеді. Сонымен, оның сыры неде?
Бұл сұраққа жауап беретін ер азаматтарды үшке бөлуге болады: Бірінші санаттағылар – бұл сұрақ төңірегінде мүлдем ойланбағандар. Екінші санатқа жататындар – ұлдарының көп болғанын армандайтындар. Бұл отбасының жалғасы, мұрагерім, «тұяғым» деген түсінікпен тікелей байланысты.
Үшіншісы шынымен ұлды болуды армандайтындар. Оалр ұлы дүниеге келе сала достарымен уақыт өткізуді тоқтатады. Ұлымен бірге серуендеп, онымен футбол ойнап, арнайы жаттығуларға барады. Нағыз ер азаматқа тән достық қарым-қатынасты орнату үшін тырысады. Көп жағдайда өзі жетпеген жетістікті ұл баласының болашағына іліп қоятындар аз емес.
Дегенмен, әке қызы десе жаны шыға жаздап, оларға махаббатпен, асқан нәзіктікпен қарап, еркелетуге құмар болады? Біріншіден, қыз баласы әрқашан қамқорлықты талап етеді. Бұл ер азаматқа өзін әрқашан жас сезінуге әрі күшті екенін ұғуға мүмкіндік береді. Екіншіден, адам жаны сұлулыққа құмар болса, қыз баласының сұлулығы – құдіретті күш.
Үшіншіден, қыз балалар кері жауап қата алады. Қамқорлық пен нәзіктікке қажетті мөлшерде жауап береді. Өздері аңғармаса да, ер азаматтар өз қыздарынан нағыз сұлулық эталоны мен мінсіздікті тәрбиелеуге тырысады. Әрине, жары бар байлығы, бірақ, қыздары ер азаматтың нағыз қазынасы. Сондықтан да, қыздардың әкеге деген махаббаты шексіз болады.