- Негізгі бет
- Психология
- Неге ерлі-зайыптылар бір-біріне...
Неге ерлі-зайыптылар бір-біріне ұқсайды?
Америкалық зерттеушілер ерлі-зайыптылардың жыл өткен сайын неге бір-біріне сырттай ұқсай бастайтыны жайлы теорияға жауап іздеп көріпті. Және мамандар бұл феноменнің расында да бар екеніне көздері жеткен. Тіпті кейде ұқсас болғандары соншалық, оларды ағалы-қарындас деп те қалуға болады.
Зерттеушілер 25 жылдан аса уақыт бірге өмір сүріп келе жатқан ерлі-зайыптылардың суреттерін тауып, оларды неке қимастан бұрын түскен суреттерімен салыстырыпты. Нәтижесінде, ұзақ жылдар бірге өмір кешкеннен кейін, ерлі-зайыпылар бір-бірінен айнымайтын күйге жеткені анқыталған.
Бұған қоса, барлық жағдайда ері мен әйелінің ұқсастығына байланысты бір үрдіс байқалған: жұптың өмірі бақытты болған сайын, олардың ұқсастығы да арта түскен.
Йель университеті психологтарының айтуынша, ері мен әйелі өздері байқамай өте жиі бірін-бірі көшіреді-міс. Әсіресе, мұндай жағдай адамдардың жаман әдетінен байқалады екен. Мәселен, егер әйелі темекі шегуден, ішуден тыйылса, жұбайының да алкоголь мен темекіден бас тарту ықтималдылығы 5 есе артады-мыс.
Мамандардың пайымдауынша, ерлер мен әйел адамдар бастапқыда өздеріне ұқсастау адамды өмірлік серік етіп алуға тырысады. Сондықтан, ерлі-зайыптылардың ұқсастығы көп болған сайын, олардың некелері сәтті де бақытты болуы әбден мүмкін. Және керісінше - бақытты неке ері мен әйелін жылдар өткен сайын, бір-біріне ұқсас қыла бастайды. Жақын адамдар біртіндеп бір-бірінің мимикасын, қылықтарын, әдеттерін көшіре бастайды.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: katyaburg.ru
Ж. FM