- Негізгі бет
- Психология
- Не жайлы ойламауымыз...
Не жайлы ойламауымыз керек? #3
Жұрт сен жайлы не ойлайтыны маңызды емес, сен расында кім болып келесің? Сол маңызды.
Публий
Санаңызда өзіңізбен диалог құратыныңызды мойындайсыз ба? Мұндай «диалог» сіздің өміріңізге тікелей әсер етеді. Сондықтан төмендегі нәрселер туралы ойлануды тоқтатыңыз:
7. Ірі жобаның орындалмауы жайлы
Кез келген ірі жоба қол жетпес, ауыр болып көрінетіні рас. Оны бірнеше бөлікке бөліп тастауға болады. Сонда ол аса үлкен әрі қиын болып көрінбейді.
Ірі жобаны бөліктерге бөліп, оларды орындаудың логикалық қадамдарын ойластырыңыз. Бұл әдістегі ең бастысы – шыдамдылық. Өйткені әр бөлікпен жұмысты мұқият бақылап, қадағалап отыру керек. Басты мақсаттың бейнесін көз алдыңызға елестетуді ұмытпаңыз. Мұның бәрі не үшін басталғанын есіңізден шығармаңыз.
8. Сізге бағынбайтын жағдайлар жайлы
Өміріңізде сіз билей алмайтын, «өтіп кететін» мезгілдер болады. Қаншалықты қиын болғанымен, ақырында бәрі жақсы аяқталатынына сеніңіз. Сіз билей алмайтын жағдайға душар болсаңыз, оған ерік беріңіз.
Сіз өзгерте алмайтын жағдайға жүйкеңізді тоздырып, қиналудың еш мәні жоқ. Керісінше, өзіңізге бағынатын ситуацияларды қолға алып, соларды қалыпқа келтірумен айналысыңыз. Бір нәрсе қиындап кетті деп, бәрін тастаудан аулақ болыңыз.
9. Басқа жер, басқа уақыт жайлы
Кейде біз «қазірді» бағаламай, ертеңді аңсаймыз. Ал, шындығында, қазіргі жағдайды бұрыс деп санау қателік. Қазіргі тұрған жеріңіз, қазіргі жағдайыңыз болуы керек нәрсе. Осы кезеңнен өтіп барып, біз дегенімізге ертең жетеміз.
Бүгіннің ертең қайталанбайтының түсіне біліңіз. Сол секілді кешегі күнді де қайтару мүмкін емес. Кеше айтылған сөз кешегі күннің бір сәті болып қалды.
Егер сіз бір нәрсе жайлы жиі ойланатын болсаңыз, оның сізге пайдасынан гөрі зияны көбірек екенін аңғарсаңыз, бізбен бөлісіңіз.
Сурет: ©Дана Нұрмағанова
Оқи отырыңыз:
Ұялшақтықтан қалай арылуға болады? #2
Ф. Абилова