Не жайлы ойламауымыз керек? #2

"Өзін танып, білген адам – өзінің патша екенін анықтаған құлмен тең".

Лев Толстой

Санаңызда өзіңізбен диалог құратыныңызды мойындайсыз ба? Мұндай «диалог» сіздің өміріңізге тікелей әсер етеді. Сондықтан төмендегі нәрселер туралы ойлануды тоқтатыңыз:

Басы

4. Өткенді ойлау

Өткенді еске түсіріп, ызаланып, қапаланудың қандай пайдасы бар? Әрине, кез келген қателік өмірлік тәжірибе саналады. Сондықтан оған ренжудің орнына риза болу керек.

Өткенді ойлап, қапалану не мақсат қойып, ілгері жылжу өз құзырыңыздағы шешім.

Батыл болудың уақыты келді. Жаңа бетті ашуға қорқуды доғарыңыз. Иә, сіз талай қателік жібердіңіз, мүмкін сіз үшін ол кешірімсіз. Бірақ, ең алдымен сіз өзіңізді кешіруіңіз керек екенін ұмытпаңыз. Тек сол жағдайда ғана ілгері жылжуды бастай аласыз.

Өмір тек дұрыс шешімнен құралмайды, қателік жасау өсіп-дамуымыздың басты шарты. Сондықтан болашақта әлі қателіктер жасайтыныңызды түсіне біліңіз. 

5. Өзгелерге әсер ету

Біреуді таңғалдырамын деп бүкіл өміріңізді өткізіп алуыңыз ғажап емес. Оның орнына "саны көп сапасы жоқ" демекші, араласатын адамдар қатарын азайтыңыз. Олармен мағыналы, мәнді әңгіме құрып, өзіңізге пайдалы шешім шығара біліңіз.

Біреуді таңғалдырғыңыз келсе, өзіңізден бастаңыз. Өзіңізді мақтан тұтатындай не істеуіңізге болады?

Өзгелерді ойлауды доғарып, өзіміз үшін өмір сүре бастағанымызды, өміріміз күрт өзгеретінін байқаймыз. Себебі біз жанымызға жақын, жүрегімізге жағымды істерге көшіп, өзімізді қуанта бастаймыз. Соның арқасында ойламаған белестерге жетеміз.

6. Армандар

Армандар жайлы құр босқа ойлай бермей, әрекетке көшіңіз. Алғашқы қадам – сіз арман ойлап таптыңыз делік. Ал оны жүзеге асыратын кім? Әрине, өзіңіз.

"Еріншектің ертеңі бітпейді" демекші, бүгіннен бастап ілгері қадам басыңыз. Өмірге деген жоспары жоқ адамның өмірін жоспары бар адамдар билейді.

Жоспарсыз арман - қозғалтқышы жоқ ең мықты спорт көлігімен тең. Қозғалтқышы болғанда ол көз жетпес жылдамдықпен жүретін еді. Сондықтан арманыңызды орындауға бағытталған жоспар құрыңыз.

Сурет: ©Нарбек Раис

Оқи отырыңыз:

Не жайлы ойламауымыз керек?

Өмірді өзгертудің 10 әдісі

Ұялшақтықтан қалай арылуға болады? #2

Ұялшақтықтан қалай арылуға болады?