Адамның жеке өмірі қаншалықты жасырын болуы керек? Сіз поштаңыздың кілт сөзін не телефоныңызды біреуге толықтай сеніп бере аласыз ба? Сараптамалардың нәтижесі бойынша жігіттердің жасырартын сырлары қыздардан әлдеқайда көп екені анықталды.
Статистика бойынша, әр бесінші жігіттің жасыратын байланыстары, хаттары, смс хабарламалары, телефон нөмірлері бар екен. Көпшілігінің екінші (кейде үшінші) электронды поштасы, екінші телефон нөмірі, басқа нигі (ғаламтордағы аты) бар.
Жігіттер үйленгендігіне не қызы бар екендігіне қарамастан, жасырын өмірлерін жалғастырып (тіпті ол өмірінде еш тұрарлық сиқырлар болмаса да), сырларының ашылмауы үшін қандай айла тапқандығымен таныс болыңыздар.
Статистика бойынша жігіттердің 2/3 бөлігі өз кілт сөздерін әйелдері мен қыздарына айтпайды екен. Сұралғандардың 23%-ы телефондары мен компьютерлерінде сырларын жасыратындығын айтты. Әр 20-жігіттің "қосымша" қоңырауларға арналған екінші телефоны бар екен. Жігіттердің 77%-ы (!) телефонындағы смс хабарламаларды ылғи өшіріп тұрады. Серілердің 25%-ы Google-дан іздеген дүниелерін біреудің көргенін қаламайтындығын айтты. Жігіттердің 25%-ы өз кілт сөздерін жиі ауыстырып, құрбылары ғана емес, жақын достары да таба алмайтындай қылып таңдайды екен.Шын мәнінде әр жігіттің жасыратын сырлары бар ма? Сонда бар жігіттердің өтірікші болғаны ма? Әлде бұл тек жеке өмірін сақтап қалу амалы ма?
Ал сіз жігітіңіздің телефонын (электронды поштасын) тексересіз бе?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: blog.teamo.ru