Сіздің ойыңыздағы нашар қызметкер образы қандай? Бүгін біз "нашар қызметкер" атағына лайықты адамның 5 белгісін ұсынамыз.
1. Жиі кешігесіз:
Егер айына бірнеше рет кешігетін болсаңыз, онда өзіңіздің қаншалықты тиімді қызметкер екеніңізді ойлағаныңыз жөн. Өйткені, қызметкерлер санын қысқарту жөнінде сұрақ көтерілсе, ең бірінші болып еске кешігушілер түседі. Уақытпен санаса білмейтін адамға үлкен жұмыстарды сеніп тапсыру мүмкін емес.
2. Бір қарқынмен жұмыс істейсіз:
Бос отырсыз деп сізді сөге алмайды. Бірақ, сізді мақтайтын да себеп жоқ. Өйткені сіз тек тапсырылған жұмысты орындаумен ғана шектелесіз. Әрбір қосымша жұмыс сіздің ашуыңызға тиеді. Бұл жағдайда тек компания ғана емес, қызметкер ретінде сіз де дамымайсыз. Оның үстіне тың нәрсе үйренбейсіз.
3.Жиі сұранасыз:
Жұмыс уақытында сізді кеңседен табу қиын: тіс емдетуге кеттіңіз, бала бақшада жиналыс немесе ауырып тұрсыз. Бұл жағдайда жұмыстың өнімділігі ешқашан артпайды. Тапсырылған міндет уақытында аяқталмайды.
4. Сізге бастығыңыз сенім артпайды:
Барлық мәселе өзіңіздің жайлы аймағыңыздан шыға алмайтыныңыздан басталады. Егер сізге тек түсінікті, жеңіл, артық ойлануды қажет етпейтін жұмысты тапсырса, онда өзіңізге сыни көзбен қарағаныңыз жөн. Әдетте, маңызды істерді қолынан келетін, жауапты маманға тапсырады.
5. Әріптестеріңіз сізден өзін аулақ ұстайды:
Сізден ешкім көмек сұрамайды, сізді көңіл көтеруге шақырмайды немесе сіз кеңсеге кірген бойда өзара әңгімелесуді тоқтатады. Жұмысқа дос табу үшін емес, еңбек ету үшін келдіңіз. Дегенмен, ыңғайлы әрі тату атмосферада жұмыс істеу әлдеқайда оңай. Әріптестеріңізбен жақсы қарым-қатынаста болу сіздің кәсіби салада жетілуіңізге себепші болады. Одан бөлек, сізге көмек керек сәттер кездесуі мүмкін