- Негізгі бет
- Психология
- Нәрестелерге наркоздың көмегінсіз...
Нәрестелерге наркоздың көмегінсіз ота жасаған
1980 жылдары жаңа туған сәбилердің ауруды сезбейтіндігіне сенгендіктен, оларға отаны ауруды басатын дәрінің көмегінсіз жасаған. Алайда бұл үлкен қателік. Осы қателіктің арқасында қанша сәби ота жасау кезінде қиналғанын елестетіп көріңізші.
«Нәрестелердің ауруды сезіну қабілеті жоқ» деген тұжырымға барлығының да сеніп, ешқандай тәжірибе жүргізіп көрмегендігі осы күнге дейін таңқалдырады. Мұнымен қатар, ота жасау барысында хирургтардың сәбилерге қандауыр пышақтың тигізген әсерін қалайша байқамағандығы ойландырады. Дұрысы олар мұны байқап, әдеттегі еркелікпен шатастырып алған болар.
Ота жасау кезінде тым қозғалғыш келетін балаларға анестезияның орнына миорелаксант препараттар берілген. Ол препараттар қозғалу мүмкіндігінен айырып, тек көздерін ашып-жұмуға мүмкіндік береді.
Қазіргі медицина ауруды сезіну – жүйке жүйесіне ауыр салмақ түсіретін құбылыс екендігін жақсы біледі. Ал ана құрсағында жатқан нәресте 30-аптадан бастап ауырлықты үлкендерше сезіне бастайды екен.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай