- Ұнай ма? Айт.
- Түсініксіз бе? Сұра.
- Кездескің келе ме? Шақыр.
- Бір нәрсені қалайсың ба? Өтін.
- Ешқашан дауласпа.
- Сені түсінгенін қалайсың ба? Түсіндір.
- Егер кінәлі болсаң, бірден мойында. Сылтау іздеме.
- Әркімде өз шындығы барын және ол көбіне сенікімен бірдей бола бермеуі мүмкін екендігін есіңде сақта.
- Ақымақтармен қарым-қатынас құрма.
- Өмірдегі басты нәрсе – ол махаббат, қалғанының бәрі – әбігерлік.
- Адамның өз проблемаcы тек оның басында ғана.
- Айналадағылар жақсы да, жаман да емес, оған сен барсың ба, жоқсың ба, бәрібір.
- Әрбір оқиғадан ләззат алуға ұмтыл.
- Саған тағы бір өмірдің берілмейтінін есіңде сақта.
- Сен ешкімге ештеңе қарыз емес екеніңді есте сақта.
- Саған ешкім ештеңе қарыз емес екенін есіңде сақта.
- Өмірде тек өзіңе ғана сен.
- Уәдеге емес, сезімдеріңе сен.
- Нәзік жандыларға кішкене балаларға қарағандай сабыр таныт.
- Осы күн – сенің өміріңдегі ең тамаша күн екенін біл.